Дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Материалтанудың даму бағыттары



бет4/25
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#131098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Металл құймакесегінің құрылымы. Сауытқорамға сұйық металл не оның қорытпасы құйылғаннан кейін кристалдану процесі басталады. Нәтижесінде құймакесекте кристалдану процесі аяқталғанда үш аймақ байқалады. Бірінші аймақта металды жоғары жылдамдықпен құю нәтижесінде кристалдардың пайда болу орталықтарының басым саны түзіледі. Демек ұсақ түйіршікті сыртқы қабат түзіледі.
Түзілген кристалдардың өсуіне жаңадан пайда болған кристалдану орталықтарының басым саны кедергі болады және құймакесектің жылдам салқындауы байқалады.
Бірінші аймақтың түзілуінің нәтижесінде сұйық металдың көлемі азаяды, сауытқорамның температурасы жоғарылайды, демек, ол ысиды, ал болат құймакесегінің салқындау жылдамдығы бәсеңдейді. Нәтижесінде екінші аймақта түзілетін кристалдардың ұзақ мерзім бойы өсуіне мүмкіндік туады. Олардың өсу бағыты құймакесектің ортасына қарай бағытталады, демек, сауытқорамның қабырғаларына перпендикуляр өседі. Екінші аймақта ұзын пішімді түрге ие кристалдар байқалады. Олар құймакесектің ортасынан шетіне қарай жылу бөлінгенше өсе береді. Үшінші аймақта құймакесектің температурасы төмендеген сайын сұйық металдан жаңа кристалдану орталықтары пайда болып, олар түрлі бағыттарға қарай өседі. Нәтижесінде ірі кристалдар түзіледі (4 сурет).

4сурет.
Болат құймасының құрылысы





  1. Өздігінен болатын алғашқы кристалдану.Өздігінен болмайтын алғашқы кристалдану.


Дәріс 5. Металдардың деформациясы және қирауы. Морт және тұтқыр қирау.
Илемді деформация. Металдардың илемді деформациялану негізіне іс жүзінде дислокацияның кез келген температурада және деформацияланудың кез келген жылдамдығында орын ауыстыруы жатады. Илемді деформацияланудың мәнісі ығысу болып табылады, яғни кристалдың бір бөлігі оның екінші бөлігімен салыстырғанда ығысады. Ығысу жазықтығындағы барлық атомдар бір атомаралық қашықтыққа орын ауыстыратын идеал кристалда ығысу үшін, есептеулер көрсеткендей, жанама кернеу 0,1G (G – ығысудың серпімділік модулі) қажет. Ал, идеал кристалдарда ығысу небары 10-4 G кернеуде, яғни, теориялық жағынан алғанда қажетті кернеуден 1000 есе кем жағдайда өтеді. Бұл жағдай ығысудың дислокацияның сырғанау есебінен өтетіндігімен және үдеріске бір мезгілде ығысу жазықтығында орналасқан атомдардың шамалы үлесі қатысатындығымен түсіндіріледі.
Ығысудың екі түрі бар: сырғанау және қосарлану. Бұл екі жағдайда да илемді деформация тордағы белгілі бір жазықтықпен және бағытпен байланысты болады.
Сырғанау деформациясы атом тығыздығы өте үлкен болатын сырғанау жазықтық пен сырғанау бағытында өтеді. Сырғанау жазықтығы мен сырғанау бағыты бірігіп, сырғанау жүйесін құрайды. Жанама кернеудің шамасы белгілі кризистік ығысу кернеуінен τкр артқан кезде, осының әсерінен сырғанау басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет