Дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Материалтанудың даму бағыттары



бет10/25
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#131098
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ФИЗ МАТ 1-15 лекции

Көміртекті болаттар. Көміртекті болаттарды сапасы қарапайым көміртекті болаттар, сапалы, арнайы қолданыстағы және аспапты болаттар деп ажыратады.
Сапасы қарапайым көміртекті болаттар. Сапасы қарапайым көміртекті болаттардың келесідей ентаңбаларын атауға болады: Ст0, Ст1, СТ 2, Ст3, СТ3Г, СТ4, Ст5, Ст5Г және Ст6.
Болаттың рет саны скен сайын, көміртегінің мөлшері де артып, нәтижесінде болаттың беріктігі жоғарылайды, илемділігі төмендейді. Г–әріпі болаттың құрамында марганец мөлшерінің қоспа концентрациясынының орташа мәнінен артып тұрғанын білдіреді.
Сапасы қарапайым көміртекті болаттар металдыконструкциялар мен күш көп түспейтін машине тетіктерін жасауда қолданылады.
Сапалы көміртекті конструкциялық болаттар. Сапалы көміртекті конструкциялық болаттар 08, 10, 15, 20 және т.т. 85-ке дейін ентаңбалары бар. Бұл болаттар техникада кең көлемеде қолданыс табуда. Олардан: бұрама, бұрандама, сомын, тісті дөңгелектер, автокөлік тетіктері, осьтер және т.б. жасалады.
Бұл болат тобының негізгі кемшіліктеріне шынығу қабілетінің төмен болуы мен термиялық өңдеу кезінде асақызып кетуге бейімділігін жатқызуға болады. Кейбір сапалы көміртекті конструкциялық болаттардың химиялық құрамы төмендегі кестеде келтірілген.
Автоматты болаттарды сипаттайтын ерекшелігіне олардың кесумен жақсы өңделуін жатқызуға болады. Мұндай қасиетке болат құрамындағы күкірттің мөлшерін 0,30%-ға дейін, ал фосфорды 0,15%-ға дейін жоғарылату мен қорғасынды 0,12...0,30% қосу нәтижесінде ие болады. Автоматты болаттардың химиялық құрамының ерекшелігіне байланысты илемділік пен тұтқырлық қасиеттерінің көрсеткіштері төмен болады. Сондықтан оларды жауапты емес бұйымдарды жасауда қолданады.
Конструкциялық болаттар.
Цементтелінетін болаттар. Цементтелінетін болаттарда көміртегінің мөлшері 0,1...0,25%, ал легірлеуші элементтер ретінде хром, марганец, бор, молибден, ванадий, титан және никель қолданылады.
Цементтеу процесінен кейін болаттардың беткі қабатының қаттылығы жоғары (58...62 HRC) болады, ал ортаңғы бөлігі тұтқыр (15...30 HRC) болады. Көміртекті цементтелінетін болаттарға 10, 15, 20 ентаңбалы болаттарын жатқызуға болады. Легірленген цементелінетін болаттар беріктігі орташа (15ХР; 15Х; 20Х; 20ХН) және беріктігі жоғары болаттар (12ХН3А; 20ХН3А; 20Х2Н4А; 18ХГТ) ажыратылады. Бұл болаттар жоғары салмақ түсетін, өте тез тозатын жағдайларда жұмыс атқаратын орташа және ірі өлшемді тетіктер жасауда қолданылады (тісті дөңгелектер, осьтер, аунақшалар, поршень саусақтары және т.б.). Аталған болаттардың ысып кетуге сезімталдығы төмен, шынығу қабілеті жақсы және тетіктердің ортаңғы бөлігінің қаттылығы жоғары болады.
Жақсартылатын болаттар. Жақсартылатын болаттардың құрамында көміртегі мөлшері 0,3...0,5% болады. Бұл болаттарға жоғары беріктік пен илемділік, жоғары шыдау шегі тән. Оларды циклдық және соққы күштері әсер ететін машинаның жауапты тетіктерін жасауда қолданады:

  • хромды болаттардан (30Х,38Х, 40Х, 50Х) иінді білікиер, тісті дөңгелектер, осьтер, төлке, бұрандама, сомын жасалады;

  • хромкремнемарганецті болаттардың (30ХГСА, 35ХГСА) қасиеттері жоғары, пісірілуі жақсы және көлік жасауда кеңінен қолданылады;

  • хромникельді болаттардан (40ХН, 45ХН) біліктер, тісті дөңгелектер, тістегеріштер жасалады;

  • хромникельмолибденді болаттары (40ХНМА, 38ХН3МФА) жоғары тұтқырлық қасиетімен қоса беріктігі де жоғары. Олардан біліктер, роторлар, турбиналар жасалады.

Беріктігі жоғары болаттар. Беріктігі жоғары болаттарға 30ХГСНА, 40ХГСН3ВА, 40ХН2СМА, 30Х5МСФА ентаңбалары жатады. .... кестесінде 900о С –дан шыныққан және 250о С – дан төменгі босатуға ұшыраған беріктігі жоғары болаттың екі ентаңбасының механикалық қасиеттері келтірілген (8.1 кесте).
Болаттардың аталған беріктігі төменгі температуралы босату нәтижесінде сақталады, ал қанағаттанарлық илемділігі құрылымының жоғары дәрежелі тазалығы және майдатүйіршілігімен қамтамасыз етіледі.
Рессорлы – серіппелі болаттары. Өндірісте кеңінен кремнийлі рессорлы, серіппелі болаттары –55С2, 60С2А, 65Г, 65С2Н2А, 70С3А және т.б. қолданылады. Олардан рессорлар, серіппелер және т.б. жасалады. Олар жоғары серпімділік, ағу шектеріне және илемділігі жеткілікті болған жағдайда қажуға қарсыласуға ие болу керек. Аталған қасиеттерге ие болу үшін болаттарға 0,5% көміртегі және бір, немесе бірнеше легірлеуші элементтер (1,5...2,8% кремний; 0,6...1,2% марганец; 0,2...1,2% хром; 0,1...0,25% ванадий; 0,8...1,2% вольфрам; 1,4...1,7% никель) енгізіледі. Бұл элементтер қажетті шынығу қабілеті мен шынықтырылғыштықты қамтамасыз етеді және серпімділік шегін жоғарылатады.

10.1 кесте.


Беріктігі жоғары болаттарының механикалық қасиеттері



Болат

Болаттардың механикалық қасиеттері

σв

δ, %

ψ, %

КСU, МДж/м2

30ХГСНА

1850

13

50

0,55

40ХГСН3ВА

2000

11

43

0,45



Шарикмойынтіректі болаттары. Шарикмойынтіректі болаттарының кесумен өңделуі қиынға түседі. Олардың ентаңбалары: ШХ6, ШХ15, ШХ15СГ және ШХ20СГ. Мұндай болаттардың құрамында көміртегінің мөлшері 1% - дан аспайды. Болаттың құрамында көміртегінің мөлшерінің көп болуы және хроммен легірленуі оның шынығу қабілетін жоғарылатады, термиялық өңдеуден кейін мәні жоғары, әрі біркелкі қаттылыққа ие болады, қажалуға қарсы төзімділікті және жеткілікті мөлшерде тұтқырлықты қамтамасыз етеді. Шарикмойынтіректі болаттары құрылымы бойынша біркелкі және құрамында металл емес қосындылар өте аз мөлшерде болуы тиіс.
8.2 кесте. Кейбір автоматты болаттардың химиялық құрамы



Болат таңбасы

Элементтер

С

Mn

Si

S

Р

А12

0,08...0,16

0,60...0,90

0,15...0,35

0,08...0,20

0,08...0,15

А20

0,15...0,25

0,60...0,90

0,15...0,35

0,08...0,15



А30

0,25...0,35

0,70...1,00

0,15...0,35

0,08...0,15



А40Г

0,35...0,45

1,20...1,55

0,15...0,35

0,08...0,30






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет