Легірленген аспапты болаттар. Легірлеуші элементтердің аспапты болаттардың қасиетіне тигізетін әсері. Мөлшері шамалы (5%) легірлеуші элементтерді болаттың шыңдалу тереңдігін, шыңдалғыштығын арттыру, аспаптың деформациясы мен шытынап кету қауіптілігін кеміту үшін қосады, өйткені олар болатты майда немесе ыстық ортада шыңдауға мүмкіндік туғызады. Хром – аз легірленген болаттардың тұрақты элементі. Олардың қасиетін жақсарту үшін қосымша марганец, вольфрам, никель енгізеді.
Марганецті болат өлшемінің (1-2%) шыңдау кезінде ең аз өзгеруін қамтамасыз ету үшін қосады. Мартенситтік түрлену температурасының интервалын барынша төмендете отырып, ол қалдық аустениттің (15-20%) арттырылған мөлшерін сақтауға септігін тигізеді, ал қалдық аустенит мартенситтің түзілу нәтижесінде артқан көлемді толық немесе ішінара теңестіреді. Кремнийді (1-1,5%) жұмсару кедергісін арттыру және оңай бөлініп түсетін қабыршықтың түзілуі үшін, вольфрамды (1-5%) тозуға төзімділікті арттыру үшін енгізеді. Штамптық болаттарға никельді (1,5%) оның тұтқырлығын арттыру үшін қосады.
Жылуға беріктігін қамтамасыз ету үшін болатқа хромның, вольфрамның немесе молибденнің көп мөлшерін енгізеді, бұлар көміртекті жұмсарту кезінде қиын коагуляцияланатын арнайы карбидтерге байланыстырады. Егер легірлеуші элементтердің мөлшері онша көп болмай, легірленген цементит түзілетін болса, онда бұл цементит коагуляцияланады да, 200 – 2500С кезінде болатты босаңсуға мәжбүр етеді. Хром қатысқанда коагуляцияға берік келетін М6С карбид түзетін вольфрам немесе оның химиялық аналогы молибден болаттың жылуға төзімділігін едәуір дәрежеде арттырады. Арнайы карбидтердің бөлініп шығуы 500 – 6000С кезінде жұмсартқаннан кейінгі болат қаттылығын арттырады. Болатқа бірнеше күшті карбид түзушілерді, мысалы вольфрам мен ванадийді, енгізгенде оның туында (екінші реттік) қаттылығы мен жылуға төзімділігі ерекше тиімді түрде артады. Болатты жұмсартқанда үдей бөлініп шығатын ванадий дисперсиялық қатаюды күшейтеді, ал мартнситте сақталып қалатын вольфрам оның ыдырауын кешейтілетеді.
Болаттың жылуға төзімділігін артыруға кобальт та мүмкіндік туғызады. Ол карбид түзбейді, бірақ атомаралық байланыс күшінің энергиясын арттыра отырып, карбидтердің коагуляциялануын қиындатады әрі олардың дисперсилын аттырады.
Тозуға аса төзімділігін қамтамасыз ету үшін құрамында артық карбидтердің – эвтектоидтан кейінгі және ледебуриттік карбидтердің – едәуір мөлшері бар легірленген болаттар пайдаланылады. Құрамында артық карбидтері болуының нәтижесінде бұл болаттар түйіршіктерінің ұсақтығын және оның салдары ретінде шыңдалу температурасының (1000 – 13000С-қа дейінгі) кең интервалындағы арттырылған беріктігі мен тұтқырлығын сақтайды. Мұнымен қатар артық карбидтердің көп мөлшері болатттың қысыммен және кесу арқылы өңдеуін нашарлатады да, карбидтік әр тектілікті туғызады. Карбидтердің шоғырлануы карбидтік тор мен тілкемдік болаттың морт сынғыштығын күшейтіп, аспаптың жұмыстық жиегінің мерзімінен бұрын мүжілуіне себепші болады.
Дәріс 11. Жемірілу теориясының негіздері. Жемірілуге төзімді болаттар.
Жемірілулік бұзылу металдың қоршаған ортамен жанасатын беткі бөлігінде басталады да бірте – бірте тереңдікке енеді. Процестің бастапқы сатысында – сыртқы көріністі құртатын және кейбір арнайы қызметтік қасиеттердің сипаттамаларын нашарлататын, бұйым бетінің металдық жылтырының жоғалуы басталады. Мұндай қасиеттердің мысалына, ерекше әрленген (жылтыратылған) металдық беттердің (рефлекторлар, айналар) шағылдыру қабілеті, жұқа қайралған (заточенных) құралдардың өткірлігі , екі жанасатын беттердің игелгіштігі (притертость) және т.б. жатады. Жемірілу тереңдікке айтарлықтай еңсе, сыртқы жүктемені қабылдауға қабілетті металлдың көлемі кішірейеді, ал ол металлдық бөлшектер мен конструкциялардың қызметтік қасиеттерінің басты сипаттамаларының бірі болып табылатын – беріктіктің төмендеуіне әкеледі.
Жемірілуге төзімділік сапамен (әлсіз, орташа, күшті) ғана емес санмен де бағалануы мүмкін. Жемірілуге төзімділіктің сандық бағалануының қағидалары төменде қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |