Ыстыққа беріктік қасиетінің бағалануы. Материалдың ыстыққа беріктік қасиетін бір ғана өлшеммен сипаттауға болмайды, өйткені ыстыққа берік материалдарға қойылатын талаптар әр түрлі.
Сөйіп стационарлық турбина бірнеше жыл жұмыс істейді; шыныменде материалдың ыстыққа беріктігі былай болу керек, осы уақытта деформация жылжып-сырғымалықтың әсерінен белгілі есептік мәннен аспайды (мысалы 1% он жылда).
Авиациялық газдық турбина салыстырмалы аз уақыт жұмыс істейді. Жұмыс істеу уақыты 300-3000сағатқа дейін шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс кернеуі көп болуы мүмкін, стационерлық турбинаны қлдану жағдайына қарағанда. Континентаралық ракетаның ұшу ұзақтығы ондаған минутты құрайды, ал қозғалыс ұзақтығы 1-2 ракеталық саты, серікті орбитаға шығару, бірнеше секунд.
Бұл жағдайда минуттық және секундтық «ұзақтық» беріктігі бар материалдар қажет етіледі. Қазіргі үақытта келесі ыстыққа беріктік сипаттамалар алынған:
Жылжып-сырғамалық шегі (σж ) – берілген температурада тапсырылған жылдамдық деформациясын шақыратын кернеу. Мысалы, жылжып-сырғымалық шегінің кернеумен сипатталуы мүмкін, сумарлық деформацияны шақыратын 1% 10 000 сағ ішінде немесе 0,1% 10 000сағ ішінде және т.б.
Беріктік ұзақтығы (σұ) – қирау тудыратын берілген температурада бекітілген уақыт аралығындағы кернеу.
Егер осы уақытта 100 сағ тең деп, онда кернеу, жарылыс тудыратын көрсетілген уақыт аралығында, 100 сағ ұзақ беріктігі болады. Кернеу, 300 сағ ішінде қирау тудыратын, соған сәйкес, кернеуден аз болады, 100 сағ ішінде қирау тудыратын.
Көбірек толық, кез-келген бір көрсеткішке қарағанда, мысалы, σж – σұ ыстыққа беріктікті сәйкес графикте көрсеткен. 3.4 суретте келтірілген график қорытпа үшін, одан турбиналық күректер жасайды. Бір берілген температурада әр түрлі сынаулардың ұзақтығы үшін диаграммалар логарифмдік координаталарда ( lg σ – lg τ ) ыстыққа беріктік қасиетін сипаттайды.
3.4 - суретте келтірілген сәйкес графиктер жеткілікті қорытпа қасиетін берілген температурада (біздің жағдайда 700ºС) сипаттайды.
|
|
|
3.4 – сурет.
|
3.5 – сурет.
|
3.6 – сурет.
|
Әр түрлі температурада ыстыққа беріктік көп жағдайда ұзақтық беріктігімен бағаланады (сәйкес графиктер түрінде ), бұл жерде әрбір сызық берілген температурада ұзақтық беріктігіне сәйкес келеді (3.5 - сурет). Бұл сызық диаграммада, 3.4 – суреттегі диаграмма сияқты болаттардың қасиеттерін берілген балқымада сипаттайды. әр түрлі балқымалар қорытпасы бір маркалы құрамында кейбір айырмашылықтар бар, жіберілетін¹ ауытқулар мен элемент құрамында, бұл ыстыққа берік қасиетте де ауытқу тудырады. Сондықтан ыстыққа беріктіктің маркалық сипаттамасы белгісіз сызық болып табылады (lg σ – lg τ координатасында), ал жолдары 3.6 – суретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |