Дәріс ҚР-сының экологиялық зоналары


Қазақстандағы радиациялық жағдай



бет2/6
Дата29.06.2023
өлшемі30,79 Kb.
#103730
1   2   3   4   5   6
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі — радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінін радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан түрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
2.1. Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, шектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий — 137 активтілігі 65—100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.
Кейбір жерлерде 120-500 мкм/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120—150 мкм/сағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған және (а – 3 белсенділіктің жоғары деңгейі) Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы елді мекенінің барлық дерлік құдық суларында анықталған.
Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта — а және р белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық міндетте-рін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жүмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу жмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-ден астам кәсіпорындар жүмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылды.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6—8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияларда 50—60 мкр/сағ. құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фоны 18—22 мкр/сағ., ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10—18 мкр/сағ. құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3—8 мкр/сағ.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы» заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радиациялық қаупісіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істейді.
Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Лениногор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Карағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн га жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. куб м. тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1—18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатңа жетін, халық денсаулығын бұзуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет