Дәріс 5. Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз -электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз- сорғыдан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.
Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сорғыштар деп аталады.
Сорғыштар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.
1.Қалақшалы (ортадан тепкіш) сорғыштардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сорғыштар жатады.
2.Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді (плунжерлі), диафрагмалы және (роторлы (тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті) сорғыштар жатады.
3.Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың (ауа, бу, су т.б.) кинетикалық энергиясын пайдаланады.
4.Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт (эрлифт) және монтежюларқолданады.
Сорғыштың сұлбасы: 1. сорғыш құбырөткізгіш; 2. үрлегіш құбырөткізгіш; 3. қоректендіргіш резервуар; 4. ағынды резервуар; 5. қабылдағыш торы бар кері клапан; Н – сорғыш; V – вакуумметр; М – манометр
Сорғыштың негізгі параметрлері:
1. Көлемдік беріліс (сорап берілісі)
, ;
2. Сорап тегеуріні
, ;
3. Сорап қуаты
, ;
4.Сораптың пайдалы әсер коэффициенті
.
Сорғыш берілісі немесе өнімділігі-сорғыштың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;
Сорғыштың тегеуіріні -тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне бергенсалыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді.
Сорғыштың куаты-сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерініңкөбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі.
Сорғыштың пайдалы әсер коэффициенті-пайдалы қуаттың толық қуатқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. -сорғыш тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған.
Сорғыш жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы « » жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.
1. Ауыспалы жылдамдық векторы « » - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;
2. Салыстырмалы жылдамдық векторы « »жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.