Дәріс Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар


Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін



бет2/15
Дата13.04.2023
өлшемі61,48 Kb.
#82535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
4дарис (копия)

Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады.
.

Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорғыш туғызған теориялық тегеурін сорғыш сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сорғыштардың тегеуріні мен берілісі өзара байланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорғыш тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады
Ортадан тепкіш сорғыштардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеуріннің  беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді.
Конструкциясы және дайындалатын сорғыштүрлеріне, өлшемдерінің әртүрлілігіне сәйкес сорғыштар жұмысының нақты шарттары әртүрлі болып келеді. Сондықтан олардың жаңа түрлерін жасағанда, оларды модель түрінде тәжрибелік зерттеуден өткізеді және алынған мәліметтерді нақты сорап жасауға пайдаланады. Және де белгілі бір гидравликалық сапаға ие болатын модель, осы сериядағы барлық машиналармен гидравликалық ұқсас болуы керек.
Қалақшалы сорғыштардың ұқсастық заңдары, геометриялық өлшемдері мен жұмысшы доңғалақтың айналыс сандары ұқсас сорғыштардың берілісін, тегеурінін және қуатын тағайындайды.
Ұқсас сорғыштар үшін көрсетілген формулалар басқа да мақсатта қолданылуы мүмкін -сол және басқа да сорғыштардың жұмысшы доңғалақтың айналыс санын өзгерткен кездегі берілісті, тегеурінді және тұтынатын қуатты өзгерткендегі есептерді шығарғанда пайдаланады, егер осы үш шама қандай да бір айналыс саны үшін белгілі болса. Бұл айналыс саны бірдей болған кездегі модельді сорғышты сынауды одан әрі жеңілдетеді, ал айналыс санының мәні басқа болса, онда пайдалы әсер коэффициентің шамасын анықтау жеткілікті.
; ; .

Қалақшалы доңғалақ пішінінің жылдам жүрісіне әсері
Бұл формуланы пропорциональдық немесе ортадан тепкіш сорғыштың пропорциональдық заңы деп атайды.
Іс жүзінде олар сорғыштардың пайдалану шарттарын анықтау үшін қажет.
Барлық ұқсас сериялы, ұқсас тәртіппен жұмыс істейтін сорғыштардың негізгі ұқсастық критериі болып жылдамжүрістілік коэффициенті табылады.
.
Бұл коэффициент сорғыштар түрінің сипаттамасы болады және сорғыштардың қолдану аймағын анықтайды. Келтірілген формуладан көріп отырғанымыздай, жоғары жылдам жүрістілік коэффициенті бар сорғыштар көп жағдайда аз тегеурінде үлкен беріліс беретін сорғылар үшін қолданылады, ал жылдам жүрістілік коэффициенті кіші болатын сорғыштар аз берілісте үлкен тегеурін туғызады. Сондықтан жоғары тегеурінді сорғыштардың айналыс саны көп емес (баяу айналатын сорғыштар), ал аз тегеурінді сорғыштар -көп айналысты (жылдам жүрісті сорғыштар) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет