Поршеньді сорғы Поршеньді сорғы -тамшылы сұйықтықтың қозғалуы немесе газдың қысылуы және берілуіне, кірісі мен шығысына алма-кезек қатынасты, сонымен қатар көлемі де үнемі өзгеріп тұратын жұмыс бөлмешігіндегі органның өсері арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы түрі.
Поршеньді сорғы негізінен поршеньді және плунжерлі болып екі түрге бөлінеді. Біріншісі 1,5-2 Мпа-ға дейінгі ал екіншісі одан жоғары қысымға қолданылады. Поршеньді сорғынын, жұмыс өнімділігі поршень жүрісінің ұзындығы мен диаметріне және поршеньнің жүріс санына байланысты; сорғының арыны сорғыш және арынды құбырлар желісіндегі гидравликалықкедергілерден және геодезиялықкөтеру биіктігінен тұрады. Арынның өнімділікке төуелді болмауы поршеньді сорғының артықшылығын көрсетеді. Цилиндрде өте үлкен қысым туындататын Поршеньді сорғы түтқыр сұйықтықтарды тасымалдауға (гидросорғы) жәнедизельдерге отын беруде кеңінен қолданылады. Сығылған газдарды сыртқа аддап және сорған поршеньді сорғыны –поршеньді компрессорларден те атайды.
Роторлы сорғылар Роторлы сорғылар -сорғының -арнаулы түрі, көбінесе машина жасау өндірісінде (май айдағыш кұрал, гидравликалық күш беру, гидравликалық трансформаторлар және т.б.) қолданады. Ротордыңайналуынан туындайтын қысым бірнеше ығыстырғыштар арқылы сұйық айдамалауға мүмкіндік береді. Роторлы сорғылардың пластиналы, шиберлі, поршеньді және т.б. түрлері бар.
Поршеньді сорғылар Суретте қарапайым əсерлі поршеньді сорғы құрылысының сұлбасы бейнеленген. Сорғы корпусының төменгі жағынан сорушы құбыр , ал жоғарғы жағынан – айдаушы құбыр жалғанған.
Сурет -Плунжерлі поршені бар қарапайым əсерлі поршеньді сорғы сұлбасы
Поршеннің жоғары жүрісі кезінде цилиндрдің ішінде белгілі бір көлем босатылады, осыдан құдықтағы сұйық бетіндегі қысым мен цилиндр ішіндегі қысым айырмасының пайда болу салдарынан сорушы құбырдан сорғы қуысына осындай көлемде сұйық келіп түседі. Осы кезде сорушы қақпақ ашылып, ал айдаушы қақпақ жабылады. Поршень төмен қарай қозғалған кезде сорылған сұйықты айдау процесі жүреді, осы кезде айдаушы қақпақ ашылып, ал сорушы қақпақ жабылады. Осылай поршеньді сорғы - да сору жəне айдау құбылысы кезектесіп, бір -бірін алмастырып жүріп отырады.