Дәріс тақырыбы: «Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функционалды қорлары»



бет2/3
Дата17.02.2023
өлшемі111,53 Kb.
#68743
1   2   3
Байланысты:
1-лекция-Лесб

Қан жүйесі бойынша: қанның құрамдас элементтері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), қанның қышқылды-сілтілі күйінің көрсеткіштері (рН, рСО2), қанттың, сүт қышқылының, мочевинаның, гемоглобиннің концентрациялары есепке алынады
Қан айналым жүйесінде: ЖСЖ, АҚҚ, ЭКГ; систолалық және минуттық қан көлемдері және т.б.өлшенеді.
Тыныс алу жүйесінде: ТЖ, тыныс алу көлемі, ТМК, ӨТС, оттегінің қолданылуы және көмір қышқылының бөлінуі тіркеледі.
Оттегінің максималды қолданылуының (ОМҚ) қан, қан айналым және тыныс алу сияқты үш жүйенің қызметін сипаттайтын жалпы көрсеткіш ретінде маңызы үлкен.
Жүйке-бұлшық ет жүйесі бойынша бұлшық еттің күші, электрлік белсенділігі және т.б. анықталады.
Ағза қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін жаппай дене шынықтыруға және арнайы контингенттерге (әскерилерге, өрт сөндірушілерге, геологтарға студенттерге, оқушыларға), сондай-ақ, жекелей спорт түрлеріне, әсіресе жоғары жетістікті спортқа қатысты ескеріп, бағалау қажет екендігін есте сақтау қажет.
3. Адаптация к физическим нагрузкам.
3. Дене жүктемелеріне бейімделу. Физиологиялық бейімделу – ағзаның қоршаған ортаның өзгерістеріне қалыптасу негізінде жатады және оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын – гомеостазды сақтауға бағытталады.
Бейімделу реакциялары жалпы (арнайы емес) және жекелей (арнайы) болып бөлінеді. Жалпы реакциялар кез келген күшті, ұзақ әсерден туындап, ағза қызметінің бірегей ығысуымен жүреді. Жекелей немесе арнайы реакциялар әсер ететін фактордың (дене жүктемесінің, суықтың, гипоксияның) сипатына және қасиеттеріне байланысты болады. Жалпы реакциялар жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің және стресс-синдромның күшті қозуынан туындайды. Арнайы реакциялар экстремалді жағдайларда айқындалады, олар қоршаған ортаның нақты бір жағдайларына (космостық корабльде ұшу, суға сүңгу) бейімделуге бағытталған.
Бейімделу кезеңдері. Ағзаның бұлшық ет қызметіне бейімделуінің үш кезеңі бар.
Бірінші кезең – жедел бейімделу жұмыс бастала салысымен қалыптасады. Қимыл жауабы күші, уақыты бойынша жеткіліксіз болады, үйлесімділігі нақты болмайды. Жаттықпаған адамның жүгіруін мысал етуге болады. Қимылдардың жүйкелік-гуморалді реттелуі мен қызмет етуші мүшелердің механизмдері жетілмеген болады.Стресс реакция және вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің реакциясы басым айқындалады. Гипофиз гормондарының әсерінен нуклеин қышқылдары мен белоктар түзілуіне ықпал ететін андрогенді және бүйрекүсті безі гормондары көптеп бөлінеді.
Екінші – жеделден ұзақ бейімделуге өтуді қамтамасыз етеін өтпелі кезең. Бұл кезеңде ОЖЖ-де шартты қимыл реакцияларының жинағы қалыптасады, олар қызмет бағдарларын өзара және вегетативті қамтамасыз ету жүйелерімен байланысын жетілдіреді.
Үшінші – ұзақ бейімделу кезеңі. Бұл кезеңде ұлпалардың бейімделу гормондарына сезімталдығы артады да, мұндай гормондардың бөлінуі азаяды. Қаңқа бұлшық еттерінде күшке жаттығу кезінде бұлшық еттердің миофибриллярлы және төзімділікке жаттығу кезінде саркоплазмалық гипертрофиясы дамиды. Сыртқы тыныс алу мен қан айналым жүйелерінің қызметі артады.
Бұл кезеңде жалпы және арнайы жұмысқабылеттілік артады, ағзаның қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне сезімталдығы төмендейді, Осыған орай, бейімделудің тоғысу жолы айқындалады, оның мәні – бір факторға бейімлделу кезінде біруақытта қоршаған ортаның басқа факторларына да (гипоксия, суық, жылы) бейімделу жүреді, яғни бейімделу механизмі мен оның құрылымы бір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет