5. Ағзаның физиологиялық қорлары және олардың дене белсенділігі кезінде қосылуы.
Ағзаның физиологиялық қорлары – мүшелердің, мүшелер жүйесінің және бүтін ағзаның салыстырмалы түрде тыныштық күйдегімен салыстырғанда өзінің жұмысқа қабілеттілігін арттыра алу қабілеті.
Тыныс алу және қан айналым жүйелерінің кейбір физиологиялық көрсеткіштері кестеде келтірілген.
Физологиялық қорлардың қосылуы 3 сатыдан тұрады. Бірінші саты тыныштық күйден күнделікті тіршілікке көшкен кезде жүзеге асады, бұл кезде қимыл бірліктерінің (ағзаның абсолютті мүмкіндіктерінің) 35% қосылады. Бұл процестің механизмін– шартты және шартсыз рефлекстер құрайды. Екінші сатықарқынды жұмыс кезінде (шынығу, жарыс кездерінде), бұл кезде қимыл бірліктерінің 35-50% қатысады. Қорлардың қосылуы нейрогуморалді әсерлерге байланысты және ерікті күштенулермен, эмоциямен жүзеге асады. Үшінші саты тіршілік үшін күрес кезінде, тіпті естен танып қалғаннан кейін байқалады. Қорлардың қосылуы шартсыз рефлекторлы жолмен және кері гуморалді байланыспен қамтамасыз етіледі.
Физиологиялық қорлардың шегін шынығумен, дәрі-дәрмектерді қолданумен арттыруға болады.