Жүкті әйелдерге, балаларға 14 жасқа дейін тетрациклинді
тағайындауға болмайды, қаңқаның түзілуі бұзылады,
тісте қара дақ пайда болады.
Левомицетин
Кең спектрлі антибиотик. Гр+ және Гр (-),
соның ішінде көбіне іш сүзегі
қоздырғышына, риккетсия, спирохета,
хламидий, ішек бактерияларына,
инфлюэнце таяқшасына, трахома,
бруцеллез қоздырғышына қарсы белсенді.
Протейге, көкірің таяқшасына,
қарапайымдыларға әсер етпейді.
Менингококктық менингитте левомицетин сукцинаты түрінде қолданылады. Тетрациклиннен айырмашылығы, тек өсіп – көбею кезіндегі микробқа әсер етіп қоймай, сонымен бірге тыныштықтағы микробқа да әсер етеді.

Іш сүзегінде, бруцеллезде, туляремияда,
көкжөтелде, пневмонияда, созда, менингитте, перитонитте, сальмонеллезде, риккетсиозда қолданылады.