Дәріс тақырыбы: Инклюзивті мектептің оқу процесін бейімдеу мен модификациялау Стратегиялары Қарастырылатын сұрақтар


Материалды меңгеру стандарттарының модификациялары



бет3/4
Дата24.03.2023
өлшемі47,06 Kb.
#76036
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция-1672752413764

Материалды меңгеру стандарттарының модификациялары.
Білімдерді меңгеру стандарттарын модификациялауда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың сыныптың оқушыларымен қатар барлық процестерге қатыса алатындығын, бірақ өздерінің жеке жоспарларымен анықталған ұзақ мерзімді мақсаттары мен тікелей міндеттерін орындайтынын ұмытпау керек.
Оқыту нәтижелерін бағалауды модификациялау тәсілдері:

  1. жалпы оқу жоспарының шеңберінде, бірақ жеңілдетілген түрде, бір тапсырманы пайдалану (оқушының жеке жоспарының мақсаттарымен сәйкестендіре отырып);

  2. альтернативті оқу жоспарынан алынған тәжірибелік мақсаттар мен міндеттерге байланысты тапсырманы таңдау (әлеуметтік дағдылар, қоғамның өміріне қатысу, өндірісте жұмыс істеуге дайындық).

Балалардың барлығын материал бойынша бірге оқытуға болады, бірақ
нәтижелерін дифференциациялау қажет және де білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың нәтижелері оның жеке оқу жоспарының мақсаттары және міндеттерімен сәйкестендірілуі тиіс.
Оқу материалдарын меңгеру стандарттарын модификациялаудың
маңыздысы болып негізгі оқу жоспарының тапсырмасына ұқсас, бірақ жеңілдетілген түрін орындай алу табылады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктері негізінде бүкіл сыныпқа арналған тапсырмадан тақырыбы және мазмұны бойынша ерекшеленетін тапсырманы таңдау инклюзивті сыныпта тек сирек жағдайда ғана жасалады, өйткені бұл жағдай баланы басқалардан шеттетеді. Мұндай тапсырмаларды өзіндік жұмыс жасау кезеңіне немесе жеке жобаларды орындау уақытына қалдыру керек, сонда мүмкіндігі шектеулі баланың басқалардан айырмашылығы анық көрінбейді.
Арнайы мектептік білім беру зертханасы негізінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар зерттеледі, арнайы жалпыға білім беру мектептердің білім беру мазмұнына мониторингтік зерттеулер жүргізілуі қарастырылады. Отандық ғалымдар (А.А.Айдарбекова, Г.И.Елисеева және т.б) мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін анықтайтын стандартталған бағалау тәсілдері мен инстументарийді құрастыру маңыздылығын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды инклюзивті мектептерде оқыту шарттарын құрастыру мен бекіту қажеттілігі, мониторингтік зерттеулерді жүргізу мәселелері де көкейкесті болып табылады.
Инклюзивті сыныпта мұғалім оқушыларға білімдерді меңгеруге мүмкіндік жасайды, қажет болғанда жаңа оқу материалын түсіндіруде бағыттайды (имплитциттік бағыт). Арнайы педагог психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде оқушының жүктемесін өзіне аударып, онымен түзету бағытында жұмыс жүргізеді (эксплициттік бағыт).
Мерсер Лейн, Джордан мен Эйзилдердің ойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты сыныпта оқығанда екі бағытта іске асырылады – имплициттік те және эксплициттік те.
Мұғалімге қалыпты сыныптағы баланың оқу мақсаттары, оның күнделікті сынып жұмысына қатысу сапасы қандай екендігін білу маңызды. Мақсаттар оқу приоритеттеріне тәуелді болады және де мазмұны, талаптары, баладан күтілетін әрекеттер, жылдамдық пен бағалау критерийлері бойынша модификациялануы мүмкін.
Белгілі жағдай – өзіндік жұмысқа акцент жасалатын сыныпта, кіші топтардағы, мұғалімнің көмегіне бағытталып, тығыз байланыста жүргізілетін жұмысқа қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың үлгерімі төмен. Барлық оқушылар оқытудың интерактивті тәсілдері арқылы жүргізілетін жұмысқа белсенді қатысулары керек.
Мұғалім баланың жаңа материалды меңгеру стиліне және оның қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс, керісінше емес. Оқыту процесін де, бағдарламаны да баланың қабілеттерімен байланыстыру қажеттілігін түсінетін мұғалім инклюзивті сыныпта жұмысты қалай жүргізу қажет екендігін біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет