5. Жыныс ерекшеліктеріне байланысты спортт үрлері екіге
бөлінеді:
- ерлер жаттығатын спорт түрлері;
- əйелдер жаттығатын спорт түрлері.
6. Жыл мезгіліндегі жаттығу мүмкіншіліктеріне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді:
- жазғы спорт түрлері; Бұл топқа 70-ке жуық спорт түрлері жатады;
- қысқы спорт түрлері.
10-нан артық қысқы спорт түрлері : хоккей, шаңғы спорты, биатлон жатады.
7. Олимпиадалық ойын бағдарламасына кіруіне байланысты спорт түрлері үш топқа бөлінеді:
- жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері; Оған 30 спорт түрлері жатады;
-қысқы олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері; Бұл топқа 12 спорт түрлері жатады;
- олимпиадалық емес спорт түрлері. Бұл топқа 30-дан арттық спорт түрлері жəне əр халықтың өзінің ұлттық спорт түрлері жатады.
2. Дене қабілеттерінің дамуы, спорттық дарындылық, спорттық бағдар, жас спортшыларды іріктеу кезеңі. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу Дене тəрбиесі мұғаліміне спортшы дайындаудың негізгі сипаттамасын, оқушылардың дене тəрбиесі жүйесіндегі спорттың орнын білуі, спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді:
1. Əрбір спорт түріне дарынды балаларды кызықтырып, тарта білу.
2. Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру.
3. Жарысқа қатысу.
Спорттағы бағдарлау жəне іріктеу кезінде баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне, спорт түрінің талаптарына көңіл аударған жөн.
Қабілеттілік - баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл-əрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы жəне сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағы дарындылықдегеніміз - бала қабілеттілігінің оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт əрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
Бағдарлаудегеніміз - баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп, сол спорт түріне бағыттау шаралары.
Оны бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру.
2. Спорт туралы кеңес, əңгіме.
3. Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.
4. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нəтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау.
Іріктеу дегеніміз - оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін
ескеріп, нақтылы спорт түріне іріктеу. .
Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі, дене қуаты дайындығын анықтайтын сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейі.
Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады. Спорттағы іріктеу бірінші жəне екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді.