Спортшының дайындық жүйесі өзіне ірі төрт қызметтік жүйені ендіреді: іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі; - спорттық жаттығу;
- жарыс жүйесі;
- хаттығу-жарыстық процестің жаттығудан және жарыстан тыс қозғаушы күштері.
Спортшының негізгі дайындық-жаттығу қызметі -спорттық жаттығу жағдайында іске асады. Ол жаттығу жүйесіне құрылған және спортшының спорттық жетілдірілуін басқаруға бағытталған, сонымен бірге оның жоғары нәтижелерге жету дайындығын қамтамасыз ететін спортшының негізгі дайындық түрі болып табылады.
Спортшыны дайындаужүйесіндегі маңызды компоненті спортшыны дайындаудың мақсаты, құралы және әдісі ретінде қатысатын жарыс болып табылады.
Жарыс спортшының қызметі іске асатын, оның белгілі дәрежедегі қабілетін әділ салыстырып анықтауға мүмкіндік беретін және оның максимальды көрінуін қамтамасыз ететін арнайы өрісті жүйе ретінде анықталады.