Заманауи білім беру мақсаттары. Тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалары мен үлгілері Қарастыратын сұрақтар (типтік бағдарлама бойынша құрылады): Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік жағдайы
Тұлғаның жан- жақты және үйлесімді дамуы
Педагогикалық үрдістегі білім беру мақсаттарының түрлілігі мен иерархиясы
Тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалары (идеялар негізінде тәрбиелеу тұжырымдамасы, мінез-құлық теориясы, әлеуметтік тәрбие тұжырымдамасы, тұлғаға бағытталған мәдениеттану тұжырымдамасы, баланы және оның даму үрдісін педагогикалық қолдау, т.б.).
5. Білім берудің мемлекеттік- саяси үлгілері (дәстүрлі, диалогтық, педоцентрлік, әлеуметтік бейімделу, функционалды- рөлдік)
6. Білім беру мақсатын нақтылаудың әдіснамалық негіздері
7. Мінсіз адам- тәрбиенің ең жоғары мақсаты. Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы.
Тәрбие мақсаты– педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбие мақсаты– ол педагогикалық процесс пен қоғамдылық қажеттілігіне, қоғамның бетбұрысына қарай өзгеріп отырады және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығы мен тәрбиеленушінің көздеген мұратына қол жеткізуіне байланысты келеді.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар- мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбиенің мақсаты- нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі. Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді.
ТәТұлғаның жан –жақты және үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист- педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты және үйлесімді даму ұғымына әр түрлі түсініктер берілген.Тәрбиенің мақсаты нақты тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді.
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім,
.
Білім беруде мақсаттардың иерархиясы: әлеуметтік мақсат-идеалды және жалпы білім беру мақсатынан- белгілі бір сабақтың мақсатына дейін. Бір жағынан тәрбиенің, екінші жағынан оқытудың мақсаттарын ажырата білу керек, атап айтсақ, білім беру жүйесінің мақсаты және пәнді оқыту мақсаты; сабақтың мақсаты және тәрбиелік іс-шараның мақсаты; оқу тапсырмасының мақсаты және тәрбиелік әсердің мақсаты. Кейде мақсат қою деңгейлерінің бұл иерархиясы сақталмайды, содан кейін мақсат қою таза формалды әрекетке айналады.
Тұжырымдама – ол жетекші, негізгі идеясы бар өзара байланысты ғылыми көзқарастар жүйесі. Жалпы тұлғаны тәрбиелеу тұжырымдамаларының шартты түрде төмендегі жіктемесін ұсынуға болады: идеялар негізінде тәрбие тұжырымдамалары, ұжымдық тәрбиеге бағытталған тұжырымдамалар, әлеуметтік тәрбие тұжырымдамалары, тұлғаға бағытталған мәдениеттану тұжырымдамалары, баланы және оның даму үрдісін педагогикалық қолдау тұжырымдамалары, т.б.