Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»



бет10/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
крат содер лекции 2

Педагогика әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулар мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, өзгерістерінің шынайы көрсеткіші.
Педагогикалық әдіснамаға төмендегілер енеді:

  1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;

  2. Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар,

тұжырымдамалар, болжамдар);

  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім.

Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды.
Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.

  1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.

  2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық

қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).

  1. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.

  2. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп төрт деңгейді бөліп көрсетеді.
Әдіснаманың жоғары, бірінші– философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады.
Екінші деңгей – жалпы ғылыми деңгейғылыми пәндерге қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады.
Үшінші деңгейі – нақты ғылыми әдіснама, ғылыми білімге кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды.

  • Төртінші деңгейі – технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет