Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері



бет9/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері. Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы, оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.
Педагогиканың нысаны – объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.
Педагогика – адамды педагогикалық процесте өмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-әректін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әректтері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Тақырып 1.4. «Педагогикалық зерттеудің әдіснама және практика негіздері»
Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы өзіндік салыстырмалы түрде өз бетіндік көзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.
Ғылым үнемі жаңа фактлермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.
Зерттеушілер көбінесе «әдіснама» ұғымын нақты өмірден және білімдік процестен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі».
Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да анықтамалары бар. Бұл түсініктің келесі қырларына сүйенетіндігін көруге болады, яғни әдіснама дегеніміз:
а) үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты көрсететін ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды.
ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды.
б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.
в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге көмектеседі.
г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, жүйелерді қамтамасыз етеді.
д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалық-аналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет