Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»



бет12/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
крат содер лекции 2

Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері.
Іс-әрекеттегі зерттеулердің әртүрлілігіне қарамастан, оның барлық түрлерге тән ортақ элементтері бар, олар Уолтерс-Адамстың (2006) жұмыстарымен сипатталады, атап айтқанда:
• Іс-әрекетті зерттеуді өз тәжірибесін түсінгісі және жетілдіргісі келетін мұғалімдер жүргізеді, бұл зерттеуді жеке етеді және оқу тәжірибесін жүзеге асыру жағдайларын тануға немесе сыни тұрғыдан қарауға шақырады. Бұл тұрғыда зерттеу іргелі емес.

1

3-4 дәріс

«Тұлға тәрбие субъектісі ретінде, оның дамуы мен қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынастар»
Тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Тұлға - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Тұлға табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Сонымен, тұлғаның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Тұлға биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Тұлғаның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, оның «дамуы мен қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары бар және олардың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады.
Даралық түсінігі бір тұлғаны екіншісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұрғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді.
Тұлға деп әдетте нақты адам, сол берілген қоғамның мүшесі айтылады. Жеке тұлға болу үшін адам психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетуі және өзінің өзге адамдардан айырмасы бар екенін, бөлінбейтін бір тұтас екенін білетіндей жағдайда болуы тиіс. Жеке тұлға деп қоғамда белгілі мақсат қойып, сол мақсатты іске асыру жолында күресе алатын және қоғамға белгілі бір пайда келтіретін адамды айтамыз.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру ол үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді.
Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады
Тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы. Тұлғаның даму күрделі қайшылықтары бар үрдіс болып табылады, бұған негізгі үш фактор әсер етеді:

  • Тұқым қуалаушылық;

  • Орта;

  • Тәрбие.

Тұқым қуалаушылық – ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсі, көздерінің, терілерінің түсі ауыса алады. Осының бәрі туа біткен дене ерекшеліктері деп аталады.
Адамның дамуына орта ықпал етеді, олар: географиялық орта, үй-іші ортасы, әлеуметтік орта және ұжымдық орта болып бөлінеді.
Отбасының өзі ондағы баланың қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Тіпті бірдей ортадағы әртүрлі отбасыларда тәрбие алған балалар әртүрлі болады. Оған отбасының мынадай белгілері әсерін тигізеді:
-отбасының құрамы;
- отбасындағы адамдардың жас мөлшері мен баланың отбасындағы реттік саны;
- отбасындағы әлеуметтік-материалдық жағдай;
- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;
- отбасындағы қолданылатын салт-дәстүрлер.
Тұлғаның қалыптасуына ұжымның әсері де ерекше. Ұжымның өзі балалар ұжымы, еңбек ұжымы, отбасылық ұжым және т.б. болып бөлінеді. Баланың қалыптасуына оның құрдастары мен ұжымдағы достарының ықпалы ерекше әсер етеді.
Әлеуметтік орта – тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет.
Тұлғаны дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Сыртқы орта мен тәрбие тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады.
Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір - бірімен тығыз байланыста дамиды.
Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады.
Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында қалыптасады. Әлеуметтендіру – бұл, отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезіндегі адамдардың рөлдерінің алмасу процесі.
Жеке тұлға өзінің дамуында толыққанды қоғамның мүшесі болып алады, өйткені, олар қоғамның объектісі ғана емес, маңызды субъектісіне айнала бастайды.
Адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайын белсенділік деп айтамыз. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Тұлға қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс - әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. А.С.Золотнякованың пікірінше, қарым-қатынас - бұл әлеуметтік және тұлғаға бағытталған процесс, мұңда жеке тұлғалық қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады. Оның ойынша, қарым-қатынас әлеуметтік процесс болып табылады. Осы орайда, қарым-қатынас коммуникативтік- процесс ретінде түсіндіріліп, тек әлеуметтік құндылық мөлшерін реттеумен шектелмейді, индивид пен әлеуметтік жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруымен сипатталады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі – жеке тұлға қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері. Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Акселерация – адамның өсіп жетілуіндегі белгілі заңдылық болып табылады. Бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы – орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – ағзаның жедел дамуы.
«Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілің түсініктері бір - біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс -әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол басқа қабілеттер арқылы іске асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпараттарды жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру т.с.с.
Қорыта айтқанда, «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Сондықтан өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу - əрбір тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы.

4

5- дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет