Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Идеялар негізінде тәрбие тұжырымдамаларына



бет14/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
крат содер лекции 2

Идеялар негізінде тәрбие тұжырымдамаларына жататындар: прагматизм (Дж.Дьюи), М.Монтессори педагогикасы және Р. Штайнердің Вальдорф мектебі, гуманистік психология (К. Роджерс, А. Маслоу), "жаңа гуманизм" (Дж. Вильсон, Л.Колберг), экзистенциализм (Г.Марсель, У.Баррет, Дж. Кнеллер және тб), мінез-құлық теориясы (Д.Уотсон, Д. Локк).
Жоғарыдағы тәрбиелеу үлгілердің ішінде, мысал ретінде, қазіргі Қазақстанда кездесетін М.Монтессори бала бақшалары мен Вальдорф мектептерін атауға болады, сондықтан осы идеялар негізіндегі гуманитарлық тәрбиелеу тұжырымдамаларына тоқталсақ.
М.Монтессори- итальяндық педагог және дәрігер, баланың еркін, спонтандық даму идеологиясының авторы. Оның Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында ұсынылған жүйе. М.Монтессори әдістерінің негізі- ол балаға қатысты ешбір зорлық-зомбылыққа жол бермеу, баланың тұлғасына зор силастықпен қарау, әр баланың психикасының табиғи даму кезеңдеріне сүйене отырып дамыту.
М. Монтессоридың оқытудың тиімділігіне қатысты кейбір ойлары /мысалы, баланы сөйлеуге үйрету, тұлғааралық қарым-қатынастарды игеру/ Вальдорф педагогикасының негізін қалаушылардың бірі Р.Штейнердің ұстанымдарына сәйкес деуге болады...
Гуманистік ұстанымдарға негізделген Вальдорф білім беру мекемелері стандарттыдан ерекшеленеді. Көптеген ата-аналар мұны Вальдорф мектептері мен балабақшаларының маңызды артықшылығы деп санайды.
Вальдорф педагогикасы бойынша, педагогикалық процестің басты өзегі, құндылығы- ол өзінің қайталанбас дара ерекшеліктерімен құнды әр бала! Оған қабілеттерінің өз қарқынында дамытуға барлық мүмкіндіктер берілген. Мұнда «норма», «дамудың ілгерілеуі» деген ұғымдары мүлдем жоқ. Вальдорф педагогикасы шеңберінде жалпы бағалау критерийлерін қою дұрыс емес деп есептеледі, өйткені әр баланың өзіне тән ерекше таланттары болады.
Ұжымдық тәрбиеге бағытталған (А.С. Макаренко, И. А. Зимняя, В. А. Караковский, З. А. Малькова, Л. И. Новикова және т. б.) тұжырымдаманың жетекші өкілі А.С.Макаренко- адамның жеке тұлғалық дамуының бастамасы ретінде педагогтар мен тәрбиеленушілердің бірыңғай еңбек ұжымын қалыптастыру идеологиясына негізделген тәрбие жүйесінің авторы.
Ғалым- педагог И.А.Зимняя тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені тұлғаның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет