Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ә.Әубәкірқызы өз еңбегінде этнопсихология ғылымының зерттеу бөлімі ретінде төмендегідей міндеттерді атқаратындығын көрсетеді:
Нақтылы этникалық қауымдастық өкілінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу факторлары мен негізін жан-жақты мағыналау мен жалпылау;
Қандай да бір ұлт өкілінің ұлттық психикасының мотивациялық өрісін зерттеу мақсатында адамдардың өнімді іс-әрекетінің көрсеткіші болатын іскерлікті, ынта жігерді қарастыру;
Нақтылы ұлт өкілінің ұлттық сипаты ретіндегі зерделік-танымдық белсенділікті еңбек іс-әрекетінде, логиканың тереңдігінде, ойлау операцияларының жылдамдығында, қабылдаудың тереңдігінде, зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануынан көрінуін зерттеу;
Ұлттық сезімдердің өту заңдылықтарын анықтау мен талдау, эмоционалды өмірді нақтылайтын заңдылығының мақсаты мен эмоциялардың көріну спецификасын бақылауды ұйымдастыру;
Қандай да бір ұлттық мінезде маңызды қызмет атқаратын ұлттық бағыттың ерік-белсенділігіне әсерін анықтау;
Топта, ұжымды адамдардың өзара қарым-қатынасымен іс-әрекетінде маңызды роль атқаратын коммуникативтік өрісті зерттеу;
Ұлттардың психологиялық сипаттарын құрайтын заңдылықтарды анықтау мақсатында, әртүрлі халықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін салыстыру;
Топтардың, қоғамдық топтардың ерекшелік бітіс, сипаттарының дамуы мен заңдылықтарын жалпылау үшін анықтау;
Ұлттар арасында экономикалық, мәдени және саяси бірігу формасы мен елдің әр аймағындағы ұлтаралық қатынастардағы ұлт психологиясын жан-жақты зерттеу;
Саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік және мәдени қызметтердің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін ортақ ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді есепке алу негіздеу;
Оқу, әскери, еңбек іс-әрекетін саналы ұйымдастыруға негіз болатын ұлттық-психологиялық көзқарастарды зерттеу;
Көп ұлтты ортаға қызмет ететін немесе басқаратын адамдарға кеңестерді ұйымдастыру жолдарын көрсету;
Халықаралық қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатымен көптеген ұлттар мен халықтардың психологиясын жан-жақты зерттеу;
Дүние жүзіндегі ұлттардың бір-біріне саяси-әлеуметтік, экономикалық әсер етуін көрсете отырып, психологиялық және әлеуметтік дамуын анықтау, болжау.