Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі ДӘріс тезистері


Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар



бет8/80
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136173
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Байланысты:
Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-emirsaba.org

Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
  1. Жалпы психологияның пәні.


  2. Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері.


  3. Психиканың негізгі функциялары.


  4. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары.


  5. Психологияның әдістері.


1

№ 2
дәріс



Дәріс 2. Ұлттық сана-сезім контекстігіндегі жеке адам.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1 Жоспар:

  1. Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, бағыты, әдістемелік негіздері, этнопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы.


Этнопсихолгия жеке ғылым ретінде XIXғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Европада пайда болды. Өйткені, ұлттық өзіндік ойлау алыстағы және көршілес жатқан халықтар туралы мәлімет жинаумен, адамдардың қоршаған орта туралы білімінің кеңеюімен дамыған.


Адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу адам жөніндегі ғылыми түсінікті кеңейтеді. Этнопсихология ғылымы бойынша зерттеулер нәтижесі ұлттық теорияның талдауы үшін негіз болып табылады.
Тарихи шарттарға байланысты бүкіл этнопсихологияның дамуы бойында оның методологиясы да өзгеріп отырады. Әлі күнге дейін шешілмеген сұрақтардың бірі – этностың құрылуы үшін негізгі қасиеттерді сұрыптау.
Этнопсихология жеке этностардың психологиялық заңдылықтарын, тарихи және мәдени ерекшеліктерін зертттейді.
Қазіргі кезде этнопсихологияның екі ахуалын ерекшелеуге болады:
  • қандай да бір қоғамның адамдарының нақты тарихи этнопсихологиялық ерекшеліктері;


  • этника арасындағы қарым-қатынас аумағы.


Адамның тегі, халқы, ұлты сияқты жалпыламалар адамдардың психологиясының даму ерекшелігін көруге көмек көрсетеді.


Мәселен, дамымаған қоғамға, дамымаған қарым-қатынас келеді деп дұрыс айтылған. Халық, ел құрылғанда адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктері негізгі рөлді атқарады, яғни әр түрлі этностар үшін ортақ тіл, мәдениет құру қажеттілігі туындайды.
Ежелгі замандағы этнографиялық байқаулар, оның негізіндегі адамзаттың қарапайым білуге құштарлығының өзі, этнопсихологиялық мағлұматтардың жиналуына өзінің үлесін тигізді.
Ұлттық өзіндік ойлау мәнерінің психологиялық ерекшеліктерінің бар екендігін Цезрьдің, Геродоттың, Плинияның және Страбонның трактаттарынан көруге болады.
Этнопсихология ұғымына түсініктеме беретін болсақ “этно” – тайпа, халық, “псюхе” – жан, “логос” – ғылым, ілім деген терминдерден тұрады. Осыдан келіп, психология адамдардың психологиялық дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін болса, этнопсихология зерттеліп отырған адамдар қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық өкілдерінің мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің қалыптасуын, тек өзіне ғана тән психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін ғылым, әлеуметтік психологияның аса маңызды салаларының бірі.
Осы орайда Г.М. Андреева “индивидтің ұлттық (этникалық) белгісі қандай да болмасын жеке адам қалыптасатын микроортасының әлеуметтік бағытына әсер етіп, сипат алуына байланысты көрінеді”,- дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет