Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі ДӘріс тезистері



бет13/80
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136173
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-emirsaba.org

Қалыпты біртектілік, ол бойынша халықтың жаңа түр тұлғасы қабылданып, оның мәдениетіне тарихына жақсы көзқарас қалыптасады. Этникалық топпен тектестіру қажеттілігі және оның келісу деңгейі тұлғаның типі мен жағдайына тәуелді болады. Қалыпты біртектіліктегі «қалыптан» шығу этникалылықтың өсу бағытына, сондай-ақ оның өшуі немесе тіптен оны мойындамау бағытына әкелуі мүмкін.


  • Этноорталанған біртектілік, қандай да бір этникалық топты сынсыз қабылдау және индивидтің сонынмен өздігінен тектестіруін білдіреді. Бұндай біртектілендіруде этнооқшаулану мен тұйықталу элементтері орын алады. Кейбір этникалық топтарда тұйықталу элементтері салттық нормалармен, діни тәртіптермен негізделеді(мысалы некелік эндогамия).


  • Этноүстемдікті біртектілік бұнда этникалық біртектіліктің басқа түрлерінен басым болып көрінетін біртектілік түрі болады. Басқаша айтқанда, этникаға тиісті болу, үстемші құндылық ретінде сөзсіз қабылданады. Мұндай біртектілік әдетте «халық құқығы», «адам құқығынан» жоғары болып қабылданумен негізделеді, сондай-ақ өз халқының үстемдігін дәріптеу, басқа этностармен араласпауға ұмтылу сияқты жағдайлармен де айқындалады.


  • Этникалық фанатизм – көбінесе ирроциональды ұғынылатын этникалық мүдделер мен мақсаттардың шексіз үстемдігін дәріптейтін біртектіліктің бір типі, ол сол мүдде мақсаттар үшін кез-келген құрбандық пен әрекеттерге барумен негізделеді. Бұл агрессивті біртектіліктің шекті түрі болып табылады (қазіргі кездегі кеңінен тарап жатқан ұғым «смертники).


  • Этникалық енжарлық, бұл адамдардың өз этникасы мен этносаралық мәселелеріне, өз халқы мен басқалардың да құндылықтарына немқұрайлық танытқанда көрініс табады. Олар этникалық топтарының арнайы ережелері мен әдет-ғұрыптарынан тәуелсіз болады, және де олардың өмірлік іс-әрекеттеріне, мінез-құлықтарына өздерінің этникалық тиістіліктері де басқалардың этникалық біртектіліктері де әсер етпейді.


  • Ээтнонигилизм, космополитизм нысанында этносты және этникалық, этномәдени құндылықтарды мойындамауды білдіреді. Әдетте этникалық біртектіліктің бұл типі өзінің этникалық тобының мәртебесінің төменділігін жете түсінумен және басқалармен салыстырғанда құндылықсыздығын танумен байланысты туындайды. Соның нәтижесінде өз этникасын жариялаудан қашу, ал кейде кез-келген этниканы мойындамауға әкеледі.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет