Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі ДӘріс тезистері


Тақырып 15. Коммуникацияның тиімді техникалары



бет79/80
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136173
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Тақырып 15. Коммуникацияның тиімді техникалары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Дәріс жоспары:

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кикілжің сөзі латын тілінен аударғанда – соқтығысу, қақтығысу деген мағынаны береді және өзара іс-әрекет процесінде пайда болатын қарама-қарсы бағытталған мақсаттар, қызығушылықтар, ұстанымдар, ой-пікірлер, көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келмеуі аталады.
Кикілжіңдерді жіктегенде әртүрлі критерийлерді қолдануға болады:


  • кикілжіңдердің орны бойынша тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық деп бөлуге болады.



  • тұлғаішілік кикілжің адамның ішкі дүниесінде пайда болып, оның әртүрлі мақсат, тілек, себептерінің негізінде пайда болады.



  • тұлғааралық кикілжің екі немесе одан да көп жеке адамдардың арасында пайда болады. Тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуынынң бірнеше себептері бар:



  • ақпараттың жеткіліксіздігі;



  • тығыз байланыстың аз болуы;



  • таңдау жасаудағы еріксіздік;



  • тұлғалық-топтық кикілжің жеке адамның мінез-құлқының топтық нормаларға сәйкес келмеуінен пайда болады. Жеке адам мен топтың өзара іс-әрекет деңгейіндегі кикілжіңдер әртүрлі нұсқада беріледі:



  • басшының қол астындағылармен кикілжіңі – бұндай кикілжіңдердің себебі басшының төмен деңгейлі құзырлылығынан болуы мүмкін;



  • теріс ықпалды формальды емес лидерлердің басымдылығы;



  • жаңа басшыны «сырттан» сайлау, бұнда осы топ ішінде басшы болуға мүмкіндік бар үміткердің болуы;



  • басқару стилінің сәйкес келмеуі;



  • топ мүшелерінің ұжыммен кикілжіңге баруы – кикілжіңнің себебі адамның тұлғалық ерекшеліктері болуы мүмкін;



  • жеке адам үшін маңызды нормаларды топтың бұзуы;



  • топтың жеке адамдардың статусына қарым-қатынасының сәйкес келмеуі;



  • адамдардың ресми және ресми емес өзара іс-әрекет нормаларын бұзуы.



  • топаралық кикілжің – бұнда кикілжіңге қатысушылар ретінде қарсы топтың мақсаттарымен сәйкес келмейтін топтар алынады. Нәтижесі бойынша конструктивті және деструктивті кикілжің деп бөлуге болады.



Конструктивті кикілжің – мұнда жеке адам немесе топ жинақталған қарама-қайшылықтарды шешіп, ол дамуының жаңа кезеңіне өтуге бағыт алады.

Деструктивті кикілжің – бұл түрі өзара іс-әрекеттерді бұзуға, жеке адам мен топтың эмоциональды жағдайын төмендетуге бағытталған. Көп жағдайда кикілжіңнің осы түрі стресс жағдайының себебі болып табылады.
Деструктивті кикілжіңнің мынадай белгілері бар:


  • кикілжіңге жаңа адамдарды көптеп енгізу;



  • бір-біріне деген қарым-қатынаста жағымсыз әсерлердің көбеюі;



  • кикілжіңнің «эскалациясы» - қысымның өршуі, қарсыласты шынайы қабылдамау.



Кикілжіңнің бұл түрін шешу өте қиын.
13 дәрістің тақырыбы: Дау-дамай және оны шешудің жолдары.

1. Дау-дамайдың түрлері мен функциялары.

Кикілжіңдердің функциясын сипаттай отырып, оның екі аспектісін анықтауға болады:


Конструктивті функцияның қатысушыларға әсеріне мыналар жатады:



  • қатысушылар арасындағы қарама-қайшылықтарды толық немесе жартылай жою;



  • қарсыластардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін терең бағалауға мүмкіндік беру;



  • кикілжіңге қатысушылар арасында психологиялық қысымның азаюына жол беру;



  • жаңа тәжірибе жинақтау және жеке адамды дамытудың қайнар көзі болуы;



  • қарсыластардың тұлғааралық қарым-қатынастарын тұрақтандыруға ықпал ету.



Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің конструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:



  • кикілжіңнің топтың әлеуметтік өмірін жетілдіруге ықпал етуі;



  • қызмет пен қарым-қатынастағы шешілмеген мәселелерді түсінуге мүмкіндік беру;



  • топтың пікірін, оның мүшелерінің көзқарасы мен көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беруі;



  • кикілжіңнің ішкі қиындықтар пайда болғанда топтың ұйымшылдығына әсер етуі.



Қатысушыларға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайда көрінеді:



  • кикілжің қатысушылардың психикалық жағдайына жағымсыз әсерінің және стресске ұшырауының себебі болуы мүмкін;



  • тұлғааралық қарым-қатынастардың бұзылуының себебі болуы мүмкін;



  • қызметтің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін;



  • кикілжің топтағы мәселелерді күштеп шешудің себептері болуы мүмкін.



Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:



  • кикілжің топтағы қарым-қатынас процесін бұзады;



  • топтың құндылық-бағдарлы тұтастығын әлсіретеді;



  • бірлескен іс-әрекеттің сапасын төмендетеді.



2. Кикілжіңнің динамикасы мен құрылымы.

Кикілжіңдердің құрылымы – басқа әлеуметтік құбылыстармен салыстырғанда оның тұтастығын қамтамасыз ететін киілжіңнің тұрақты байланыстарының жиынтығы.
Кикілжіңнің құрылымы:


  • кикілжің объектісі;



  • кикілжің мәселесі;



  • кикілжіңге қатысушы жақтар;



  • пайда болатын ішкі жағдайлар;



  • кикілжіңді жағдайдың бейнесі;



  • мүмкін болатын кикілжіңді іс-әрекеттер мен оның нәтижелері.



Кикілжіңнің объектісі – соқтығысудың мәселесі, яғни материалдық, рухани, әлеуметтік құндылықтар арқылы кикілжіңге баратын екі жақтың қарама-қайшылық мәселелсі.

Кикілжіңнің мәселелсі – екі жақтың қарама-қайшылығының қайнар көзі болып табылатын объективті және субъективті мәселелер.
Кикілжіңге баратын жақтар – қатысушылар, яғни негізінен адамдар жеке, ресми, заңды тұлғалар болып кикілжіңге барады.
Ішкі жағдайлардың бірнеше түрлері бар:


  • кеңістіктік-уақытша - пайда болатын қарама-қайшылықтың орны мен уақыты;



  • әлеуметтік-психологиялық – топтағы психологиялық ахуал, олардың қарым-қатынастарының типі мен деңгейі;



  • әлеуметтік - әртүрлі әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылыққа ұшырауы;



Кикілжіңді жағдайдың бейнесі мынадай элементтерден тұрады:



  • қатысушылардың өздері туралы ойлары – қажеттіліктері, құндылықтары, мүмкіндіктері, мақсаттары;



  • қарама қарсы жақ туралы пікірлері, кикілжіңді жағдайлар болған орта туралы ойлары.



Бұл бейнелер әрдайым шынайы бола бермейді.

Кикілжіңді іс-әрекеттер қарама-қарсы жақтың мақсаттары мен қызығушылықтарының жетістіктерін қоршауға бағытталады. Кикілжіңді іс-әрекеттердің нәтижелері – кикілжіңнің нәтижелері болып табылады.
Кез келген кикілжің динамикалық процесс болып табылады және оның дамуының бірнеше кезеңдері болады.


  • объективті кикілжіңді жағдайдың белгілі бір мәселе бойынша пайда болуы; Бұл кезең «потенциалды кикілжің кезеңі» деп аталады.



  • объективті кикілжіңді жағдайды кикілжіңге қатысушылар өз мақсаттарын қарама-қарсы жақтың мақсаттарына сай еместігін түсінген кезде пайда болады.



  • кикілжіңді мінез-құлыққа өту, яғни өз мақсаттарына жетуге белсенді іс-әрекетке көшу. Осы кезеңде 5 типті атауға болады:



  • бәсекелестік типі;



  • кикілжіңді елемеу, шеттету;



  • бейімделу, ыңғайлану;



  • келісімге келу, ымыраға келу;



  • ынтымақтастық.



Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

4. Кикілжіңді неге динамикалық процесс ретінде қарастыруға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет