Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Бақылау әдiсi
Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да, тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да қолданылады.
Эксперимент әдісі
Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің обективті сипатын ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді.Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа енгізделеді. АҚШ психологы Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортады болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |