Әлеуметтік (лат. socialis - қоғамдық) - " өмірмен байланысты және адамдардың қоғаммен қатынасы" деген мағына береді.Сондықтан әлеуметтік қызмет, әлеуметтік адамдардың мәселелерін шешуге бағытталаған боуы керек, оның тәрбиесін, оның құқығын қорғау, тіршілік әрекетінің ортасында өз дегенін іске асырудың мәселелерін шешуге көмек көрсету.
Мектептің әлеуметтік қызметінің негізгі функциясына жататындар:
сыныптардағы, мектептердегі болатын ортақ және әлеуметтік мәселелердің анықтау;
мұғалімнің жеке педагогикалық мүмкіндігін анықтау және оған көмек көрсетіп, педагогикалық шеберлігін жоғарлату және жұмыста оқушымен, мұғаліммен педагогикалық іскерлік қызметі;
жоспарланған және тәрбиелік іс - шара өткізілген топқа, мектепке әлеуметтік - педагогикалық баға беру;
әр түрлі топтағы оқушымен,мұғаліммен, ата - аналармен педагогикалық іс - шараларға тікелей дайындық;
органдағы әлеуметтік қорғау іскерлігін анықтау кәмілетке толмағандар бөлімімен жұмыс жасау және оқушының әлеуметтік мәселесін шешуде мекемелермен жұмыс жасау;
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: Әлеуметтендірудің статусы дегенде нені түсінесіз?
Баланың әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптердi атаңыз және оларға сипаттама берiңiз.
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасының негізіне қандай идеялар алынғандығын дәлелдеңіз.
Әлеуметтендiру принциптерін жекелеген ғалымдардың көзқарастары бойынша топтап, ерекшеліктеріне байланысты сипаттаңыз.
Әлеуметтендiру принциптерінің қазақ тәрбиесіндегі негізін салыстырмалы түрде дәлелдеп көрсетіңіз.