Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қабылдаудың жалпы заңдылықтары



бет17/34
Дата12.10.2022
өлшемі124,17 Kb.
#42512
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы). Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану. Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да). Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз. Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.Қабылдау тұрақтылығызаттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.
Ерекшеліктері.
1.Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2.Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3.Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет