Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: Зейін.
Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский).
Зейіннің түрлері мен қасиеттері.
1
№8 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Ойлау және қиял психикалық процесс ретінде.
Ойлау формалалары ұғым, пікір, ой қорытындысы болып үшке бөлінеді.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің өзіндік қасиеті оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. Адам өзінің қажетін өтеугебайланысты адамдармен пікірлеседі, ой алмасады, бұл үшін сол ұлттың, тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы өте зор болды. Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организімі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды. Соның нәтижесінде адам жеке дыбыстарды ғана емес, барлық түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Дыбысты тіл еңбекпен бірге, адам санасының дамуының негізгі бір факторы болып есептеледі.
Тіл дегеніміз өзіндік бейнелердің жүйесі. Ол белгілі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні оның қоғамдық әлеуметтік мәні. Тілдік белгілердің екінші мәні олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы.
И.М.Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді.
Бұрын көрмеген нәрселердi адам ойында санасында болған не болмаған нәрселердi образдрды миымызда бейнелей аламыз. Бұл тек адамға ғана тән нәрсе, бұрын бiз қабылдамаған заттар мен құбылыстардың бейнелерiн жасаудағы психикалық процестi қиял деп атаған.
Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: