Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады. Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады.
Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді.
Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі ретінде ойланды; және бұл тәуелділік тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті реакциямен ғана болар еді; сондықтан да баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі. Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В. Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге байланысты практикалық интеллект деп аталатын ұғым пайда болды. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.
“Практикалық ойлау” немесе “практикалық интеллект” термині төтенше белгілі. Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық операцияларда ұғымдардағы абстрактілі сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды көрсетеді: практика мен интеллект, практика мен ойлау ұғымдардың бірлігіне бірігеді. Алайла практикалық интеллектіні теориялыққа қарсы қою интеллектіні ұғуға ықпал етті және теориялық ойлау мен практиканың ескі дуализміне тереңдеп енді. Практикалық ойлауды кеңестік психолог Б.М. Теплов терең талдап берген. Теориялық ойлау біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық психологиясының контексінде зерттелуде. Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі, оның уақытының қатал тапшылығы жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен, мысалы, іргелі ғылымдар үшін бір жылдың ақпан немесе наурыз айларында заңның ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды тексеруге арналған мүмкіндіктер өте шектеулі. Осының барлығы практикалық ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда, біршама күрделендіре түседі. Теориялық ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады. Бұл жерде мынадай критерий қолданылады: ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты, бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде–тұрмыстық, оқиғалық жалпылаулар.
Әрекетті жағдайда ойлау процесінің өтуі, оның практикалық әрекетпен тікелей байланысты оларға ерекше із қалдырады. Әрекет ойлау операцияларына қосылмаған жағдайда субъекті міндеттерді шешуді тұтастай ойластыруы керек, оның барлық буындары басынан аяғына дейін ойша ескерілуі қажет. Сонымен қатар тікелей-әрекеттік жағдайда алдымен нені жасау қажеттігі жайлы және шешімді ары қарай жасау үшін шешімнің алғашқы сатысын табу керек. Егер де шешімнің бірінші сатысын практикалық әрекетте жүзеге асырсақ, онда бұл әрекет алғаш белгіленген және алдын ала ойластырылған проблемалық жағдайды шынайы өзгерте отырып, практикалық әрекет аяқталғанға дейін қарастырылмаған өзгерістерді тауып алады. Ойлау операциялары өтіп жатқанда оған кіріккен әрекет жақындағы белгіленген міндеттерді шешу сатысын таратып, алдын ала қарастыру, түсіндіру, қиялдау қажеттіліктерінен оларды босатады және оқиға проблемасындағы барлық өзгерістерді ескереді, олар әрекет барысында тікелей өтетін міндеттерді шешуді алдын ала қарастыруды және ойша ескеруді қажет ететін жағдайларды да кіргізеді. Сөйтіп, практикалық әрекет міндеттерді бұған дейінгі шешу кезеңдерінен шығатын кейбір салдарды алдын ала көру және алдын ала есеп жүргізу жөніндегі ойлау операцияларын ішінара алмастырады және міндеттерді шешу процесінің тікелей компоненті болып табылады. Бұл жағынан алғанда әрекетпен ойлаудың орын алуы, әрине шартты түрде. Практикалық әрекетпен орындалатын бұл функцияда міндетті практикалық әрекетпен шешу барысына тікелей қосылған ойлау операциясының ерекше артықшылығы білінеді.
2. Таным түрі бойынша: