Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет1/5
Дата08.11.2022
өлшемі53,79 Kb.
#48436
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы.
2. Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
3. Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу процесін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».
Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.
Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстүрлі технологияларды жетілдіру, модернизхациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:

  • педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

  • оқушының әрекетін белсендіру және интенсифтендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

  • оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап оқыту технологиясы; талдау барысында басқаруда тірек схемаларды қолдана отырып, оза оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және ұжымдық оқыту; компьютерлік технология);

  • оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

  • оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

  • дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.
Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді.
Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Математиканы оқытудың әдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы.

  2. Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.

  3. Құзыреттілікті және функционалдық сауаттылық, интелектуалды қабілеттілік сияқты нәтижеге бағытталған ҚР кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы технологиясының сипаттамасы.

  4. Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу және талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.




№ 2
дәріс

Сабақ – математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері.
2. Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы.
3. Рефлексия: өзін-өзі тексерудің және математиканы оқытудың нәтижелерін өзін-өзі бағалауының әдістері, тәсілдері.
4. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:
- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;
- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;
- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;
- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;
- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.
Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.
Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;
- дамытушылық;
- тәрбиелік;
- практикалық.
Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: - аралас сабақ;
- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;
- оқылған материалды бекіту сабағы;
- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;
- тексеру және оқушылардың
Үй тапсырмасы оқушының бәрiне бiрдей бiртүрлi мазмұндағы емес, балалардың қызығулары мен қабiлеттерiне қарай жекеленген түрде, бiрнеше вариантта берiлгенi пайдалы…
…Үй тапсырмасын (оның мазмұны, көлемiн) оқушылардың шамасы мен жас ерекшелiктерiн ескеру негiзiнде ұйымдастыру керек…”, деп жазады Т.Қ.Оспанов.
Үй тапсырмасын беруде мыналарды ескеру керек:

  1. Жаңа материалды қабылдауы (жай және тез);

  2. Өзiнiң ойын түсiндiре ала ма?

  3. Оқуға көңiл бөле ме?

  4. Оқушының жұмысқа кiрiсуге немесе бастаған жұмысын аяғына шейiн жеткiзуге дербестiлiгi, зейiндiлiгi, табандылығы жеткiлiктi ме?

  5. Ата-анасының баласының оқуына көзқарасы.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері. Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығы, осыларға барабар әдістері, оқыту құралдары мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары, сабақтың оқу-тәрбие мезеттерінің өзара байланысы.

  2. Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы.

  3. Рефлексия: өзін-өзі тексерудің және математиканы оқытудың нәтижелерін өзін-өзі бағалауының әдістері, тәсілдері.




№ 3
дәріс

Пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кіші мектеп жасындағы оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау мен өткізу технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы.
2. Пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы.
3. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында»: «Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық жағдайына енгізу» екені атап көрсетіледі. Ал бұл мәселе өз кезегінде «оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді.
Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «аналогтарды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін көру», т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс–әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «іс–әрекет біліктері мен даңдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оқу әрекеті баланың ақыл – ойын дамыту жұмысымен тығыз байланыста математиканы оқытуда оқушылардың тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы да, саналы білім алуы олардың сол мақсаттағы ақыл – ой әрекетінің белсенділігі мен сапалылығына байланысты екендігін мұғалім әсте есте сақтауы тиіс.
Жаңа буын оқулықтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар келтірілген:

  • жаттығуларды механикалық және бір сарынды (үлгі бойынша) орындаудан бас тартуға негіз болатын, бақылау, салыстыру, қорытынды жасау және бірнеше альтернативті шешу нұсқаларын іздестіруді талап ететін дамытушылық сипаттағы жаттығулар жүйесі арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру,

  • шығармашылық жаттығулар арнайы жүйе құрайды, олар ерекше, дәстүрден тыс ойлауды, зейінділікті және ой тұжырымдай алуды талап етеді, сондықтан мұндай жаттығуларды орындау нәтижесі бағаланбайды, тек мадақталады (жасыл қоршаудағы жаттығулар);

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Қазіргі заман сабағына және математика сабағын талдауға қойылатын талаптар.

  2. Пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кіші мектеп жасындағы оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау мен өткізу технологиясы.

  3. Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы.

  4. Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы.




№ 4
дәріс

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, қызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы.
2. Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, қабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру.
3. Конкурстың және олимпиаданың есептерін шығару, стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау барысында, бастауыш сыныптардағы қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға және математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Сабақта түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен деректер, әрекет тәсілдері жайындағы білімді (түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен мәліметтер, әрекет тәсілдері) игеру; білік пен дағды (есептеу, алгоритмдік, өлшеу, геометриялық салулар орындау, есептерді шығару) қалыптастыру; ақыл-ой әрекеті (салыстыру, талдау, жинақтау, жіктемелеу, жалпылау және т.б.) тәсілдеріне машықтандыру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы.




№ 5
дәріс

«Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Балалардың мектепке дейінгі тәжірибесін жүйелеу және жалпылау.
2. Математикалық нысандарды оқытуға база дайындау.
3. «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарының негізгі нысандары және оларды оқыту технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дайындық кезеңінің ұғымдары «Қарапайым түсініктер» деп аталатын тақырыппен бірінші сыныпта оқытылып үйретіледі. Дайындық кезеңiне 16 (2013ж бағдарлама бойынша 12) сағат уақыт бөлiнген.
Дайындық кезеңiнiң негiзгi ұғымдары: нәрселердi санау; нәрселердi және олардың топтарын салыстыру; есептiк натурал сан, есептiк және реттiк сандардың өзара байланысы; кеңістiк және уақыт жайлы қарапайым түсiнiктер; геометриялық фигуралар жайлы түсiнiктер; біріктіру және бөліп алу; фигуралар құрастыру және оларды бөліктерге бөлу.
Дайындық кезеңі материалдарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:
- заттарды санау, кесіндінің ұзындығын өлшеу, біріктіру және бөліп алу сияқты мәселелермен байланысатын практикалық жұмыстар жүргізу сан ұғымын енгізуге дайындық, өйткені сан үш түрлі жағдайда шығады, яғни санды шығаырп алудың үш көзі бар: санау, кесіндінің ұзындығын өлшеу, арифметикалық амалдардың нәтижесі ретінде.
- заттардың әр түрлі белгілеріне қарай яғни түсіне, өлшеміне, пішініне қарай салыстыру мен байланысты жұмыстар әр түрлі объектілердің мәнді белгілерін анықтауда, соның негізінде объектілерді жіктемелеуде (классификациялауда) негізге алынған іс-әрекет.

  • заттардың екі тобын салыстыруға үйрету ілгеріде амал қатынастары мен таныстыруда негізге алынады.

  • уақыт және кеңістік аралығы жайлы қарыпайым түсініктер «бұрын», «кейін», «әуелі», «содан соң», «ең алдымен», «оң жақта», «сол жақта», «жанында», «төменде» т.б. сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы беріледі.

  • «Біріктіру және бөліп алу» заттардың тобын біріктіру және заттардың тобынан бір бөлігін бөліп әкету сияқты нақты практикалық іс-әрекеттер ілгеріде қосу және азайту амалдарының мән-мағынасын ашуда қолданылатын негізгі түсініктер, сондай-ақ осы мәселемен және заттардың топтарын салыстырумен байланысты іс-әрекеттер ілгеріде, яғни келесі тақырыптарда есеп оны шешу үдерісін енгізуге қажетті дайындық болып табылады.

  • заттарды санаумен бірге, санаудың рет тәртібімен оқушыларды таныстыру, санның екі түрлі сипаттамалық белгісін (реттік және есептік) және мөлшерлік сипаттамасын аңғаруға көмегін тигізеді соның тәтижесінде заттарды санауға бір жағдайда «қанша?», «неше?», «нешеу?» сұрақтарына, ал екінші жағдайда «нешінші?» сұрағына жауап беретінін анықтайды.

  • қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, түзу сызық, сәуле, бұрыш, кесінді) оларды бір-бірінен ажырату да бұл кезеңнің негізгі міндеті болып табылады.

  • Геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, кесінді) атаулары ешқандай анықтамасыз енгізіледі, яғни оларды балаларға көрсете отырып, атаулары бірден хабарланады, геометриялық фигуралар остенсивті (көрсету арқылы) түрде енгізіледі.

  • Фигураларды бөліктерден құрастыру және оларды бірнеше бөлікке бөлу келешекте арифметикалық амалдарды, сондай-ақ, геометриялық шамалар – «периметр», «аудан» ұғымдарын және «үлес» ұғымын енгізуге дайындық блып табылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

  2. Дайындық кезеңі ұғымдары, оларды қарастырудың реті.




№ 6
дәріс

«Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Желінің негізгі нысандары: сан және цифр; санның есептік және реттік сипаттамасы, ондық санау жүйесі, бір таңбалы сандар, ондықтар, екі, үш және көп таңбалы сандар.
2. Концентрлер бойынша сандарды оқыту және сандарды оқу, жазу, салыстыру мен жіктеу (разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде) құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Терiс емес бүтiн сандардың нумерациясы – математиканың бастауыш курсының аса маңызды мәселелерiнiң бiрi. Терiс емес бүтiн сандардың нумерациясы – сандардың оқылуы, жазылуы, сандар құрамы, санның натурал сандар қатарындағы орны, сандарды салыстыру, санды разрядтарға және разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Терiс емес бүтiн сандардың нумерациясы 4 концентрге бөлiнiп қарастырылады: ондық, жүздiк, мыңдық, көп таңбалы сандар.
«10 көлемiндегi сандардың нумерациясы» тақырыбын өту барысында оқушылар негiзгi математикалық ұғымдармен (сан және цифр ұғымдары) танысады. Сандарды шығарып алудың тәсiлдерiн (санау арқылы, қандай да бiр арифметикалық амал орындаудың нәтижесiнде және шаманы өлшеудiң нәтижесi ретiнде) үйренедi, сандардың натурал сандар қатарындағы орнымен, сандар құрамымен танысады.
100 көлемiндегi сандар 2 кезеңге бөлiнiп қарастырылады:
1) толық ондықтар
2) кез-келген екi таңбалы сандар.
«100 көлемiндегi сандар нумерациясы» тақырыбын өтуде оқушылар «бiр таңбалы сан», «екi таңбалы сан», «бiрлiк», «ондық» терминдерiмен танысады. Толық ондықтардың атауларын есте сақтауды, екi таңбалы сандардың айтылуын, жазылуын, разрядтық қосылғыштарға, разрядтарға жiктелуiн үйренедi.
Қазiргi бағдарлама бойынша «1000 көлемiндегi сандар» тақырыбы 2-сыныптың соңына қарай оқытылып үйретiледi. Оқушылар жолақшалардың көмегiмен алдымен 100-дi шығарып алады да, келесi разряд «жүздiк» терминiмен, «үш таңбалы сандар» ұғымымен танысады. Алдымен толық жүздiктердi шығарып алу, атаулармен танысқаннан кейiн оқушылар кез-келген үш таңбалы сандардың аталуын, жазылуын, разрядтар мен разрядтарға жiктелуiн үйренедi. Кез-келген үш таңбалы санға сипаттама бередi. Мысалы: 321 саны.

    1. Бұл-үш таңбалы сан, 3,2,1 цифрларының көмегiмен жазылады.

    2. 320 мен 322 сандарының ортасында келедi немесе көршiлерi 320 және 322 сандары, 320 –дан кейiн, 322-ге дейiн келедi.

    3. 321- 3 жүздiк, 2 ондық, 1 бiрлiктен құралған.

    4. 321=300+20+1 (разрядтық қосылғыштарға жiктеу)

«Көп таңбалы сандар» тақырыбымен қазiргi бағдарлама бойынша оқушылар 4-сыныпта танысады. Ол бiрнеше кезеңге бөлiнiп қарастырылады.

    1. Сандардың разряд ұғымы қайталанып, оқушылар «класс» ұғымымен танысады (бiрлiктер, мыңдықтар, миллиондар, миллиардтар класы).

    2. Бiрлiктер класы жоқ көп таңбалы сандар, мысалы, 8000, 17000, 215000, 3418000 т.б. Көп таңбалы сандарды оқуда соңынан бастап, үш-үштен бөлiп алу (себебi, үш разряд бар) керек және алдымен сан айтылады, сонан соң кластың аты айтылатыны үйретiледi.

    3. Кез-келген көп таңбалы сандардың айтылуы, жазылуы, разрядтар мен разрядтық қосылғыштарға жiктелуі қарастырылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Нумерациялық ұғымдарды концентрлер бойынша меңгеруге бағытталған тапсырмалар құрастыру, оларды ауызша есептеуге негiздеу.

  2. Математикалық диктант пен өзiндiк бақылау жұмыстарына (15 мин) тапсырмаларын дайындап, оларды өткiзу мен тексеру әдiстемесiн құру.




№ 7
дәріс

«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. арифметикалық Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика
2. Амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері.
3. Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту, математикалық терминдерді, символдарды қолдана алу пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру және есептеу тәсілдерінің негіздері бойынша білімдерін қолдану технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш мектепте 4 амал (қосу, азайту, көбейту, бөлу) және олардың қасиеттерi: қосу мен көбейтудiң ауыстырымдылық және терiмдiлiк заңдары, қосындыны санға бөлу және көбейту, үлестiрiмдiлiк заңы, 0 мен 1-дің қасиеттері; қосу мен азайту амалдарының байланысы, көбейту мен бөлу амалдарының байланысы т.б. оқытылып-үйретiледi.
Қазiргi бағдарлама бойынша қосу мен азайту, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретiнде бiр мезгiлде қатар өтіледi.
Қосу мен азайту амалдары айқын емес түрде «Қарапайым түсiнiктер» тақырыбын өтуде-ақ қарастырылады, ал айқын түрде «2 саны және цифры» тақырыбын өткен соң енгiзiледi. Ал көбейту мен бөлу амалдары бiрдей сандардың қосындысы мен саннан бiрдей сандарды азайту түрiнде 2-сыныптың төртiншi тоқсанында қарастырылса, айқын түрде 3-сыныпта көрнекiлiк көмегiмен енгiзiледi. Арифметикалық амалдардың атаулары мен өрнек атаулары енгiзiледi: қосу амалының «қосынды», «қосылғыштар», «қосындының мәнi»; азайтудың – «айырма», «азайтқыш», «азайғыш» «айырманың мәнi»; көбейтудiң – «көбейтiндi», «көбейткiштер», «көбейтiндiнiң мәнi»; бөлудiң – «бөлiндi», «бөлiнгiш», «бөлгiш», «бөлiндiнiң мәнi».
Амалдардың қасиеттерi де амалдардың енгiзiлуiне байланысты белгiлi бiр кезеңде енгiзiледi, яғни мүмкiндiгiнше сол сыныпта қарастырылады. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін қарастыру барысында олардың ролі мен маңызына баса назар аударылуы тиіс. Ауыстырымдылық қасиетін оқыту ілгеріде оқушылардың есте сақтайтын кестелік теңдіктерін біршама азайтуға, терімділік және үлестірімділік қасиеттері тез есептеуге, есептеу техникасын дамытуға септігін тигізеді.
Амалдардың атаулары мен нәтижелерi арасындағы байланыс та қарастырылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

        1. «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар.

        2. «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері.




№ 8
дәріс

«Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Есептеудің «ерекше» (нөл және бірмен байланысты) тәсілдері, оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
2. Қосудың кестелік тәсілдері, оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
3. Көбейтудің кестелік тәсілдері, оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Есептеу тәсілдерінің мынадай түрлері бар:

  1. Есептеудің кестелік жағдайлары;

  2. Есептеудің «ерекше» жағдайлары немесе дербес формасы;

  3. Есептеудің ауызша жағдайлары:

  4. Есептеудің жазбаша жағдайлары.

1. Есептеудің кестелік жағдайлары дегеніміз бір таңбалы сандарға амалдар қолдану. Қосудың кестелік жағдайлары, соған сәйкес азайтудың жағдайлары; көбейтудің кестелік жағдайлары, соған сәйкес бөлудің жағдайлары делінеді.
Кестелік қосу екі кезеңге бөлініп қарастырылады: оның бірінші кезеңі-бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттамайтын жағдайы, олар-16, бірінші сыныпта қарастырылады. Ал екінші кезеңі - бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттайтын жағдайы, олар-20, ал бұл екінші сыныпта қарастырылады.
Қосудың кестелік жағдайының 1-кезеңін үйрету барысында көрнекілік ретінде сан сызғышы қолданылады, яғни 2-ні қосқанда тура бағытта 1 сан аттау арқылы, 2-ні азайтқанда кері бағытта 1 сан аттай отырып жүру түсіндіріледі.
Кестелік қосудың 2-кезеңін оқытып-үйретуде жолақшалар мен жеке шаршылар қолданылады.
Көбейтудің кестелік жағдайларын оқыту барысында көрнекілік ретінде палетка және оның бөлігі қолданылады.
2. Есептеудің «дербес» жағдайы дегеніміз 0 мен 1-ге байланысты болатын есептеулер.
Қосу мен азайтуға байланысты есептеулердің ерекше жағдайлары мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет