Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет24/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Психология

Терi сезгiштiгi сезiм мүшелерiнiңклассикалық физиологиясы бойынша төрт түрге бөлiнедi. Әдетте, келесi рецепцияларды ажыратады: 1) ауырсыну, 2) жылулық, 3) суықтық және 4) жанасу және қысым. Шамамен, бұл сезгiштiктердiң әрқайсысында өздерiнiң арнайы рецепторлары және ерекше афференттiк жүйесi болады.

1. Ауырсыну түйсiгi
Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейiмi болып табылады. Сипаты мен күшi бойынша қиратушы тiтiркендiргiштердiң әсерiнен ауырсыну организм үшiн қауiптi әсерлер жөнiнде белгi бередi.
Адам денесiнде ауырсынуға сезiмтал емес және ауырсынуға сезiмтал учаскелер болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелерi сәйкес келедi.
Эксперименттiк зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң таралуы динамикалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр тiтiркендiргiштен келетiн импульстардың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң шамадан тыс артуының нәтижесi болып табылады.
Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi импульстар баяу өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi. Ауырсынуды сезiну белгiлi бiр қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналасқан жерi айқынсыз болады.
2. Температуралық (термиялық) түйсiктер
Температуралық түйсiктер бiзге жылулық пен суықтықтың түйсiгiн бередi. Бұл сезгiштiк дене температурасын рефлекторлық реттеу үшiн үлкен маңызға ие. Сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгiштiктi екi, бiр-бiрiнен тәуелсiз сезгiштiк түрлерi ретiнде қарастырады. Себебi олардың әрқайсысында өз шеткi рецепторлық аппараты болады.
Суықты түйсiнудiң анатомиялық аппараты болып Краузе шақшалары, ал жылуды түйсiнудiң аппараты – руфиндiк денешiктер табылады. Бiрақ бұл әлi тек ғылыми болжам ғана.
Суықтықтық нүктелердi адекватты емес тiтiркендiргiшпен, мысалы, ыстық ұшпен тiтiркендiргенде, олар суықтық түйсiнуiн бередi. Бұл – суықтықты парадоксалды түйсiну.
Термиялық түйсiктерде терiнiң әр түрлi температураларға тез бейiмделгiштiгi маңызды рөл атқарады.
Субъективтi түрде нөлге тең температура орташа, терi температурасына тең температуралар болып табылады. Едәуiр жоғары температура жылулықты сезiнудi, ал төменгi температура суықтықты сезiнудi бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет