Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет33/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Психология

І.1. Зейіннің түрлері
Адамдардың зейіндері ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызда өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе оған мойнын бұрады не милиционердің ысқыры-ғына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсірессе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері оқу, еңбек т.б. белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік түрлі сыртқы әсерге берілгеш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама. Дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адам-дардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.
а) Күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаналығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі өзгеруі, дыбыстын, жарықтың артуы не кемуі т.б.)
ә) Адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінен хош болуы ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді).
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұм-сау арқылы орындалуымен көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зор болу көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшелік-термен сипатталады.

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

  4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

  5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа мате-риалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіні пайда бола бастайды.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйрен-шікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыпта-сады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағыттала-ды. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмыста тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажы-тып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет