І.2. Зейіннің қасиеттері Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін ескереміз. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса. Оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінін бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отыр-ған ісін тереңінен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор сабақ үстінде бала-ның назарын көп нәрсеге аудармай басты бір нәрсеге, не белгілі бір әрекетке ғана аударып оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады. Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан әрі ұйым-дастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы тұрақтатып істеуге мүмкіндік береді. Адам сонша-лық ерік жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын ойы бөлі-ніп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруының зейіннің толқуы дейді, толқу зейіннің табиғи қасиеттері-нің бірі, мәселен бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне зейіннің тұрақталуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңіл ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұсауды қажет етеді. Зейінді аландататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнайкерней т.б. адамның тынышын көтереді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған-мен, олардың барлығы да кесірін тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш, т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусорский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселдіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатын қабілетке ие болуы тиіс. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистер-де зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінінің екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыс-тың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі ауысып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгеріп алу жағдайында ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсінді-руі. Өткен материалдарды қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайын-дығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады. Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б. студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады. Кітап оқып отырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің мағызы бәрінен де зор. Қазіргі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде рөл механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т.б. Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор, мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз жас мұғалім барлық сыныпты, не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін, зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді болудың физио-логиялық негіздері жөнінде И.П. Павлов былай дейді “біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзімізді әдеттеніп кеткен тағы басқа бір нәрсені істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының теже-лудегі бөлімдерімен қызмет істейміз, өйткені, біздің басты ісіміздің байланы-сы ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады”. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистоскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтын 1/10 бөлігінде) орта есеппен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс. Сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көмегімен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-біріне байланыспаған элементтерді қабылдаса нашар өсетіндігінің, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет. Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды кешенді заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның маман-дығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын шебердің зейінінің көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді. Алаң болушылық. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жай кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды. Қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады. Мектеп жасына дейінгі балаларда алаң-даушылық жиі ұшырайды. Өйткені, олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыс-ғандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа ешнәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінінің уақытында бөле алмаушылығының кемшілігі – зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғы-лардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді, үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынған нәрсесін ұстап тұрады да, бесінші кезеңде бала да зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл – ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеп пен нәтижесінің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, “от жақса, түтін шығады” дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығын баланың түсінуі, көзінің жетуі деп аталынады.
Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да өз бетінше пікір айтуға шамасы келмейді. Бұдан анализ-синтез процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай – ақ мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес-қабілетінің өсуіне ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал материалдарды жаттап алу, оның мағынасын түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалім-дері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндік-тен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана - сезімімен ұғынғанша оған оқудағы формализмнің мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б. құтылу қиын болады.
Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен олардың арасында мектепке оқуға сырттай қызығып келетін балалар да жиі ұшырайды. Мұндай бала мектептің үйіне, оның партасына, мұғалімге өзіндей балаларға көңіл бөледі. Оқу оны жөнді тартпайды, өйткені оған қиын көрінеді. Баланың көбінесе ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра алмайды, жиі қозғала-ды айналасына алақ-жұлақ қарай береді. Мұндай баланы үйінде не тындыр-тып әдеттендірмеген.
Оқуға білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер (себептер) бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді.
Мәселен, ол оқып – жазғанына алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Ата – анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын, не жолдас бала-сымен бәсекелесіп, жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін жұрттың ондай адамдарды құрметтеп сыйлайтынын түсіне бастайды.
Балалардың сабақ үлгірмеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу, сондай-ақ қажетті психологиялық шараларды таңдай білу - әр мұғалім ойластыратын негізгі мәселе. Бұл сонымен бірге педагогика, психология ғылымдарының әлде де болса тәптіштеп зерттей түсетін зор мәнді ғылыми мәселесі.
Балаларда тідің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқа-ла бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талап-тарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау ойыншық-тарын, киім кешектерінің жиыстыру, үлкендердің айтқанын тыңдап білуге баулу т.б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әре-кеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылы-ғымен жетіледі.
Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдас-паған болса, яғни ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан жөнді нәтиже шығара алмайтын болады.
Ес.