Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: Танымдық үрдістер
Түйсік және оның қасиеттері.
Түйсік түрлерінің жіктемесі.
Түйсік табалдырықтары жөніндегі түсінік.
1
№6 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Қабылдау жөнінде жалпы ұғым. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың негізгі теориялары.
2. Қабылдаудың түрлері. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдау иллюзиялары.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында оған бірнеше түйсіктердің кіруінде емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері заттар мен құбылыстардың негізгі заңдылықтарына қарай бірнеше топтарға бөлінеді, олар:
Қабылдау процесіндегі фон мен фигура
Адамның сезім мүшелеріне әр түрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлдыр, көмескі боп қабылданады. Қабылдау процесінде белгілі уақыт кезеңінде айқын көрініп тұрған зат фигура болып есептеледі де, ал күңгірт көрінетін басқа заттар оның фоны болады.
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары:мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы). Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз. Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.Қабылдау тұрақтылығызаттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.