Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Темпераменттiң психологиялықсипаттамалары



бет75/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Темпераменттiң психологиялықсипаттамалары
Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi,қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.
Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.
Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi.өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Темпераменттік қасиеттер басқа психологиялық құбылыстарға қарағанда-
A)Өзгермелі
B)Ауыспалы
C) Тұрақтанған
D)Динамикалы
E)Икемді
*****
2. Темпераменттің әрқилы қасиеттерінің бір-бірімен байланысы-
A)Кездейсоқ
B)Танымға келмейді
C)Жанама
D) Заңдылықты
E)Абстракт
*****
3. Темпераменттер жөніндегі ғылымның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-
A)Аристотель
B)Солон
C)Фелес
D)Гален
E) Гиппократ
*****
4. Темпераментті адамның дене құрылымына байланыстыруды негізге алған конституциялық типология теориясының авторы-
A)Шелдон
B)Павлов
C)Теплов
D)Стреляу
E) Кречмер
*****
5. Темперамент түрлерін анықтауда И.П. Павлов негізге алған фактор-
A) Жүйке прцестері
B)Дене сұйықтықтары
C)Дене құрылымы
D)Эмбрионалдық белгілер
E)Физиологиялық белгілер
*****
6. Күшті, қозуы басым темперамент-
A)Сангвиник
B) Холерик
C)Пикник
D)Флегматик
E)Меланхолик
*****
7. Адам жүйке жүйесінің типі-
A)Тәрбиеден
B)Әлеуметтік туынды
C) Тума беріледі
D)Қоршаған ортадан
E)Тарихи категория
*****
8. Көпшіл, ым-ишарасы мен қозғалысы мәнерлі, шапшаң адам темпераменті
A)Холерик
B)Пикник
C)Флегматик
D) Сангвиник
E)Меланхолик
*****
9. Аса күрделі қызметтерді (гимнастика, ұшқыш, күйші) игеруде басты назарға алынатын ықпал-
A)Оқу
B)Қоршаған орта
C)Мінез
D)Тәрбие
E) Темперамент бітістері
*****
10. Сангвиник оқушыға сай әрекет сипаты-
A) Ұдайы саналы белсенділік
B)Ұстамсыз қызбалық
C)Байсалдылық
D)Енжар қимыл
E)Дүлейлілік
*****
11. Тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде тиімді темперамент типі-
A)Сангвиник
B) Флегматик
C)Холерик
D)Иксаматик
E)Меланхолик


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет