Қорытынды бақылау бойынша сұрақтар: Жеке тұлға туа біте ме әлде жеке тұлға болып қалыптасады ма?
Тақырып бойынша кроссворд құрастыру
Әлеуметтену процесіне әсер ететін факторлар
«Адам табиға туралы менің пікірім» деген тақырыпта шығарма жазу
Жеке тұлғаның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік фактор туралы сіздің ойыңыз?
Е.А.Климовтың ДДО сұрақтамасына жауап беріп, нәтижесін талдаңыз
Темперамент пен мінездің арасындағы ұқсастық, айырмашылық?
Темперамент туралы сөзжұмбақ
Мінез туралы сөзжұмбақ
1
№15 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қабілеттер туралы жалпы ұғым. Қабілеттердің негізгі сипаттамалары.
2. Қабілеттер және нышан. Қабілеттер түрлері.
3. Қабілеттер деңгейлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы. Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Тәжірибеде “қабілет сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек.
Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл – біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .
Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс- әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену көрініп отырады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет.
Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу –тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік, сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау – мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдаларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл- ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүміндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик- ғылымның, ақын –жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр.бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті- техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс- әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.