Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет4/80
Дата08.02.2023
өлшемі271,67 Kb.
#66213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Дәрістер тезистері модуль

Табиғи эксперимент
Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың оқымысты ғалымы А.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмащылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда, эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды қосалқы әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң қатарына анкета әдiсi, интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау тестәдісі т.б. әдістер жатады.Сынау тестәдісі адамның бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Психологияның салалары
Қазiргi психология сан салалы ғылым оның қырықтан астам салалары бар. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тiлектерi өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестiң, дамудың әсерi. Психологияның кейбiр салалары еңбек үстiнде адам санасы қалай қалыптасатындығын зерттейдi. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т.б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Психологиялық ғылымдардың келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала психологиясы, жас өспiрiм, балаң, кәмел жас, егде жастағылар психологиясы, патологиялық психология, психикасы кемiс адамдарды зерттейтiн, салыстырмалы, зоопсихология, этнология дейтiн салалары кiредi. Қоғам мен жеке адамның қарым-қатынасын зерттейтiн әлеуметтiк психология, тұрмыс пен биологиялық факторлардың бала психикасына әсерiн балалар психологиясы, жануарлар мен адам психикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыратын салыстырмалы психология деп аталатын салалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет