Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тақырып 15. Коммуникацияның тиімді техникалары



бет79/80
Дата08.02.2023
өлшемі271,67 Kb.
#66213
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Дәрістер тезистері модуль

Тақырып 15. Коммуникацияның тиімді техникалары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дәріс жоспары:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кикілжің сөзі латын тілінен аударғанда – соқтығысу, қақтығысу деген мағынаны береді және өзара іс-әрекет процесінде пайда болатын қарама-қарсы бағытталған мақсаттар, қызығушылықтар, ұстанымдар, ой-пікірлер, көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келмеуі аталады.
Кикілжіңдерді жіктегенде әртүрлі критерийлерді қолдануға болады:

  1. кикілжіңдердің орны бойынша тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық деп бөлуге болады.

  2. тұлғаішілік кикілжің адамның ішкі дүниесінде пайда болып, оның әртүрлі мақсат, тілек, себептерінің негізінде пайда болады.

  3. тұлғааралық кикілжің екі немесе одан да көп жеке адамдардың арасында пайда болады. Тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуынынң бірнеше себептері бар:

  • ақпараттың жеткіліксіздігі;

  • тығыз байланыстың аз болуы;

  • таңдау жасаудағы еріксіздік;

  1. тұлғалық-топтық кикілжің жеке адамның мінез-құлқының топтық нормаларға сәйкес келмеуінен пайда болады. Жеке адам мен топтың өзара іс-әрекет деңгейіндегі кикілжіңдер әртүрлі нұсқада беріледі:

  • басшының қол астындағылармен кикілжіңі – бұндай кикілжіңдердің себебі басшының төмен деңгейлі құзырлылығынан болуы мүмкін;

  • теріс ықпалды формальды емес лидерлердің басымдылығы;

  • жаңа басшыны «сырттан» сайлау, бұнда осы топ ішінде басшы болуға мүмкіндік бар үміткердің болуы;

  • басқару стилінің сәйкес келмеуі;

  • топ мүшелерінің ұжыммен кикілжіңге баруы – кикілжіңнің себебі адамның тұлғалық ерекшеліктері болуы мүмкін;

  • жеке адам үшін маңызды нормаларды топтың бұзуы;

  • топтың жеке адамдардың статусына қарым-қатынасының сәйкес келмеуі;

  • адамдардың ресми және ресми емес өзара іс-әрекет нормаларын бұзуы.

  1. топаралық кикілжің – бұнда кикілжіңге қатысушылар ретінде қарсы топтың мақсаттарымен сәйкес келмейтін топтар алынады. Нәтижесі бойынша конструктивті және деструктивті кикілжің деп бөлуге болады.

Конструктивті кикілжің – мұнда жеке адам немесе топ жинақталған қарама-қайшылықтарды шешіп, ол дамуының жаңа кезеңіне өтуге бағыт алады.
Деструктивті кикілжің – бұл түрі өзара іс-әрекеттерді бұзуға, жеке адам мен топтың эмоциональды жағдайын төмендетуге бағытталған. Көп жағдайда кикілжіңнің осы түрі стресс жағдайының себебі болып табылады.
Деструктивті кикілжіңнің мынадай белгілері бар:

  1. кикілжіңге жаңа адамдарды көптеп енгізу;

  2. бір-біріне деген қарым-қатынаста жағымсыз әсерлердің көбеюі;

  3. кикілжіңнің «эскалациясы» - қысымның өршуі, қарсыласты шынайы қабылдамау.

Кикілжіңнің бұл түрін шешу өте қиын.
1. Дау-дамайдың түрлері мен функциялары.
Кикілжіңдердің функциясын сипаттай отырып, оның екі аспектісін анықтауға болады:

  1. кикілжіңге қатысушылардың өздеріне әсері;

  2. кикілжіңнің әлеуметтік ортаға әсері.

Конструктивті функцияның қатысушыларға әсеріне мыналар жатады:

  • қатысушылар арасындағы қарама-қайшылықтарды толық немесе жартылай жою;

  • қарсыластардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін терең бағалауға мүмкіндік беру;

  • кикілжіңге қатысушылар арасында психологиялық қысымның азаюына жол беру;

  • жаңа тәжірибе жинақтау және жеке адамды дамытудың қайнар көзі болуы;

  • қарсыластардың тұлғааралық қарым-қатынастарын тұрақтандыруға ықпал ету.

Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің конструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:

  • кикілжіңнің топтың әлеуметтік өмірін жетілдіруге ықпал етуі;

  • қызмет пен қарым-қатынастағы шешілмеген мәселелерді түсінуге мүмкіндік беру;

  • топтың пікірін, оның мүшелерінің көзқарасы мен көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беруі;

  • кикілжіңнің ішкі қиындықтар пайда болғанда топтың ұйымшылдығына әсер етуі.

Қатысушыларға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайда көрінеді:

  • кикілжің қатысушылардың психикалық жағдайына жағымсыз әсерінің және стресске ұшырауының себебі болуы мүмкін;

  • тұлғааралық қарым-қатынастардың бұзылуының себебі болуы мүмкін;

  • қызметтің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін;

  • кикілжің топтағы мәселелерді күштеп шешудің себептері болуы мүмкін.

Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:

  • кикілжің топтағы қарым-қатынас процесін бұзады;

  • топтың құндылық-бағдарлы тұтастығын әлсіретеді;

  • бірлескен іс-әрекеттің сапасын төмендетеді.

2. Кикілжіңнің динамикасы мен құрылымы.
Кикілжіңдердің құрылымы – басқа әлеуметтік құбылыстармен салыстырғанда оның тұтастығын қамтамасыз ететін киілжіңнің тұрақты байланыстарының жиынтығы.
Кикілжіңнің құрылымы:

  1. кикілжің объектісі;

  2. кикілжің мәселесі;

  3. кикілжіңге қатысушы жақтар;

  4. пайда болатын ішкі жағдайлар;

  5. кикілжіңді жағдайдың бейнесі;

  6. мүмкін болатын кикілжіңді іс-әрекеттер мен оның нәтижелері.

Кикілжіңнің объектісі – соқтығысудың мәселесі, яғни материалдық, рухани, әлеуметтік құндылықтар арқылы кикілжіңге баратын екі жақтың қарама-қайшылық мәселелсі.
Кикілжіңнің мәселелсі – екі жақтың қарама-қайшылығының қайнар көзі болып табылатын объективті және субъективті мәселелер.
Кикілжіңге баратын жақтар – қатысушылар, яғни негізінен адамдар жеке, ресми, заңды тұлғалар болып кикілжіңге барады.
Ішкі жағдайлардың бірнеше түрлері бар:

  1. кеңістіктік-уақытша - пайда болатын қарама-қайшылықтың орны мен уақыты;

  2. әлеуметтік-психологиялық – топтағы психологиялық ахуал, олардың қарым-қатынастарының типі мен деңгейі;

  3. әлеуметтік - әртүрлі әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылыққа ұшырауы;

Кикілжіңді жағдайдың бейнесі мынадай элементтерден тұрады:

  1. қатысушылардың өздері туралы ойлары – қажеттіліктері, құндылықтары, мүмкіндіктері, мақсаттары;

  2. қарама қарсы жақ туралы пікірлері, кикілжіңді жағдайлар болған орта туралы ойлары.

Бұл бейнелер әрдайым шынайы бола бермейді.
Кикілжіңді іс-әрекеттер қарама-қарсы жақтың мақсаттары мен қызығушылықтарының жетістіктерін қоршауға бағытталады. Кикілжіңді іс-әрекеттердің нәтижелері – кикілжіңнің нәтижелері болып табылады.
Кез келген кикілжің динамикалық процесс болып табылады және оның дамуының бірнеше кезеңдері болады.

  1. объективті кикілжіңді жағдайдың белгілі бір мәселе бойынша пайда болуы; Бұл кезең «потенциалды кикілжің кезеңі» деп аталады.

  2. объективті кикілжіңді жағдайды кикілжіңге қатысушылар өз мақсаттарын қарама-қарсы жақтың мақсаттарына сай еместігін түсінген кезде пайда болады.

  3. кикілжіңді мінез-құлыққа өту, яғни өз мақсаттарына жетуге белсенді іс-әрекетке көшу. Осы кезеңде 5 типті атауға болады:

  1. бәсекелестік типі;

  2. кикілжіңді елемеу, шеттету;

  3. бейімделу, ыңғайлану;

  4. келісімге келу, ымыраға келу;

  5. ынтымақтастық.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
4. Кикілжіңді неге динамикалық процесс ретінде қарастыруға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет