Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет77/80
Дата08.02.2023
өлшемі271,67 Kb.
#66213
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Дәрістер тезистері модуль

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Адамның өзін және шындықты қайта құруға бағытталған белсенділіктің түрі-
А) инсайт
В) инстинкт
С) интеллект
D) рефлекс
Е)& іс-әрекет
*****
Адамның мақсатқа орай кедергілерді жеңумен өзінің қылық-әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті:
А) мінез
В) қабілет
С) темперамент
D)& ерік
Е) сезім
Адамның өз борышын орындауы тәуелді:
А) сезімге
В)& ерікке
С) қабілетке
D) танымға
Е) мінезге
*****
Ерік күшіне ие адам көрсеткіші:
А) мақсат белгілеу
В) жоспар түзу
С)& іс нәтижесі
D) іске ұмтылыс
Е) орындау жолы
*****
Ерік күшінің негізі:
А)& жан толғанысы
В) жоғары рух
С) астар сана
D) қоршаған орта
Е) бұлшық еттер қуаты
Адамды іс-әрекетке жетелейтін:
А) рефлекс
В) стимул
С) инстинкт
D)& мотив
Е) гипноз
*****
Адамның іс-әрекетіне жат нәрселер:
А) өнімділік
В) заттылық
С)& туа берілгіштік
D) мақсатқа бағытталғандық
Е) бірлесушілік
*****
Адамның өз борышын орындауы тәуелді –
A)Сезімге
B)Қабілетке
C)Танымға
D)Мінегзе
E) Ерікке
*****
11. Еріктің ырықты әрекет түрі-
A) Жаттау
B)Түшкіру
C)Ашуға берілу
D)Таңдау
E) Жөтелу
*****
12. Ерікті қылықтың басты көрсетіші-
A)Сезімдік қызығу
B) Саналы әрекет
C)Жоғарғы таным
D)Табиғи құмарлық
E)Ізгі мақсат
*****
13. Адамның мақсатына орай кедіргілерді жеңумен өз қылық-әрекетінқолдап, реттей білу қасиеті-
A)Мінез
B)Қабілет
C) Ерік
D)Темперамент
E)Сезім
*****
14. Қандай мақсат жолында қиыншылықтарды жеңу үшін ерік қоса білу тәуелді-
A)Қажетсінуіне
B)Қалауға
C)Сезімге
D) Терең түсінімге
E)Ниетке
*****
15. Қазіргі заман ғылымы дәлелдеген ерік әрекетінің басты себебі-
A)Сыртқы мәжбүрлік
B)Тума қасиет
C)Рухтық бастама
D)Тылсым күш
E) Белсенді қарым-қатынас
*****
16. Мидың маңдай бөлімі зақымдану болатын ерік сырқаты
A) Аппракция
B)Иллюзия
C)Галлюцинация
D)Фрустрация
E)Абулия
*****
17. Ми сырқатынан болатын абулия құбылысының мәні-
A)Танымнан қалу
B) Зақымды еріксіздік
C)Алдану
D)Қатерлі қиял
E)Жоспарға икемсіздік
*****
18. Ерік реттестірудің негізі тәуелді-
A)Тежелеуге
B)Радияцияға
C) Қозу ошағына
D)Иррадиацияға
E)Сөнуге
*****
19. Еріктің әрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі міндеті-
A)Талдау
B)Талқылау
C)Орындау
D) Мақсат белгілеу
E)Шешім қабылдау
*****
20. Ерік қолдану желісінде әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі-
A)Шешім
B)Тілеу
C)Орындау
D)Ниет
E) Ұмтылыс
*****
21. Шешім қабылдаумен адамда пайда болатынеріктік әрекеттің ерекше сипаты-
A) Жауапкершілік
B)Белсенділік
C)Борыш
D)Табандылық
E)Дербестік
*****
22. Еріктік әрекеттің мәнділігі-
A)Шешімге келуден
B) Нәтежеге келуден
C)Жоспар түзуден
D)Орындауға кірісуден
E)Мақсат нақтылаудан
*****
23. Ерік күшіне ие адам көрсеткіші-
A)Мақсат белгілеу
B)Іске ұмтылыс
C) Іс нәтежесі
D)Жоспар түзеу
E)Орындау жолы
*****
24. Ерік күшінің негізі
A)Бұлшық еттің қуаты
B)Қоршаған орта
C)Астар сана
D) Жан толғанысы
E)Жоғарғы Рух
*****
25. Адамның өз болмысын билеп, сезімдері мен құмарлықтарын тоқтам беру қасиебі-
A)Мінез
B)Ой
C)Қабілет
D)Сезім
E) Ерік
*****
Ерік бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:


1

№14 дәріс

Тақырыбы: Кикілжіңдегі мінез-құлық модельдері.
Қарастырылатын сұрақтар.
Кикілжіңнің динамикасы мен құрылымы.

Кикілжіңдердің құрылымы – басқа әлеуметтік құбылыстармен салыстырғанда оның тұтастығын қамтамасыз ететін киілжіңнің тұрақты байланыстарының жиынтығы.


Кикілжіңнің құрылымы:

  1. кикілжің объектісі;

  2. кикілжің мәселесі;

  3. кикілжіңге қатысушы жақтар;

  4. пайда болатын ішкі жағдайлар;

  5. кикілжіңді жағдайдың бейнесі;

  6. мүмкін болатын кикілжіңді іс-әрекеттер мен оның нәтижелері.

Кикілжіңнің объектісі – соқтығысудың мәселесі, яғни материалдық, рухани, әлеуметтік құндылықтар арқылы кикілжіңге баратын екі жақтың қарама-қайшылық мәселелсі.
Кикілжіңнің мәселелсі – екі жақтың қарама-қайшылығының қайнар көзі болып табылатын объективті және субъективті мәселелер.
Кикілжіңге баратын жақтар – қатысушылар, яғни негізінен адамдар жеке, ресми, заңды тұлғалар болып кикілжіңге барады.
Ішкі жағдайлардың бірнеше түрлері бар:

  1. кеңістіктік-уақытша - пайда болатын қарама-қайшылықтың орны мен уақыты;

  2. әлеуметтік-психологиялық – топтағы психологиялық ахуал, олардың қарым-қатынастарының типі мен деңгейі;

  3. әлеуметтік - әртүрлі әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылыққа ұшырауы;

Кикілжіңді жағдайдың бейнесі мынадай элементтерден тұрады:

  1. қатысушылардың өздері туралы ойлары – қажеттіліктері, құндылықтары, мүмкіндіктері, мақсаттары;

  2. қарама қарсы жақ туралы пікірлері, кикілжіңді жағдайлар болған орта туралы ойлары.

Бұл бейнелер әрдайым шынайы бола бермейді.
Кикілжіңді іс-әрекеттер қарама-қарсы жақтың мақсаттары мен қызығушылықтарының жетістіктерін қоршауға бағытталады. Кикілжіңді іс-әрекеттердің нәтижелері – кикілжіңнің нәтижелері болып табылады.
Кез келген кикілжің динамикалық процесс болып табылады және оның дамуының бірнеше кезеңдері болады.

  1. объективті кикілжіңді жағдайдың белгілі бір мәселе бойынша пайда болуы; Бұл кезең «потенциалды кикілжің кезеңі» деп аталады.

  2. объективті кикілжіңді жағдайды кикілжіңге қатысушылар өз мақсаттарын қарама-қарсы жақтың мақсаттарына сай еместігін түсінген кезде пайда болады.

  3. кикілжіңді мінез-құлыққа өту, яғни өз мақсаттарына жетуге белсенді іс-әрекетке көшу. Осы кезеңде 5 типті атауға болады:

  1. бәсекелестік типі;

  2. кикілжіңді елемеу, шеттету;

  3. бейімделу, ыңғайлану;

  4. келісімге келу, ымыраға келу;

  5. ынтымақтастық.

Әлеуметтік-психологиялық адаптация әлеуметтендіру механизмінің құрамды элементі болып табылады және өмірдің әртүрлі жағдайларына бейімделуінің жиынтығы ретінде қарастырады. Әрбір адаптация адамның тәжірибесін байытады, оны әлеуметтендіруге ұмтылады. Әлеуметтік-психологиялық адаптация жеке адамның өзгермелі әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет процесі және нәтижесі болып табылады.
Адам үшін әлеуметтік-психологиялық адаптацияның оң нәтижелері мыналар:

  • өзінің биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру және өмір сүру мүмкіндігі;

  • өз қажеттіліктерін қарым-қатынас мен мінез-құлқының қажетті құралдарын қалыптастыру нәтижесінде әлеуметтік талаптарға сәйкестендіру;

Бұл нәтижелердің көрсеткіштері ретінде төмендегілерді алуға болады:

  • адамның әлеуметтік ортадағы жоғары әлеуметтік статусы;

  • осы статусқа, әлеуметтік ортаға және оның маңызды элементтеріне, мысалы, қызметке қанағаттану.

Қоғам үшін әлеуметтік адаптацияның маңыздылығы өзінің әлеуметтік құрылымын қайта өңдеу мүмкіндігіне ие болумен анықталады.
Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының деңгейінінің объективті және субъективті критерийлері бар. Объективті критерийлер:

  • нәтижелі қызмет;

  • ұжымдағы нақты орны;

  • әлеуметтік шындық ретіндегі авторитеті.

Субъективті критерийлер:

  • жаңа немесе өзгермелі әлеуметтік ортадағы әртүрлі аспектілер тұрғысындағы жеке адамның қанағаттануы;

  • қызмет пен қарым-қатынастың әртүрлі аспектілеріне жағымды қатынас.

Адамға өзгермелі әлеуметтік ортадағы адаптациясы сәтті өтуі үшін оның өмірлік қиындықтарды жеңуге бағытталған күш-қуатының белсенділігі және болып жатқан оқиғаларға жеке жаупкершілік сезімі сияқты тұлғалық қасиеттері қажет. Әлеуметтік белсенділіктің маңызды белгілері:

  • әлеуметтік процестерге ықпал етудің күшті және тұрақты ұмтылысы;

  • қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті, оның формалары мен түрлерін сақтауға, қайта құруға, өзгертуге бағытталған қоғамдық істерге нақты қатысу.

Жеке адамның әлеуметтік белсенділік деңгейіне байланысты оның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының екі түрін анықтауға болады: белсенді және енжар. Белсенді әлеуметтік-психологиялық адаптация адамның әлеуметтік ортаға әсер етуге ұмтылысында көрінеді. Енжар адаптация осындай өзгертулер мен іс-әрекеттерге ұмтылыстың жоқтығымен анықталады.
Адам барлық уақытта әлеуметтік ортаның жағдайларына бейімделе бермеуі себепті, әлеуметтік-психологиялық адаптацияның осы белгісі бойынша екі түрін анықтауға болады: ерікті және еріксіз.
Ерікті адаптация орта ұсынған жаңа құндылықтар мен іс-әрекет әдістері жеке адамның құндылық жүйесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда пайда болады:

  • әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтары жеке адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктер жүйесіне енгізіліп, оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды;

  • жеке адамға тән құндылық бағдарлар мен мінез-құлық нормалары еш қысымсыз жаңа жағдайларға сай өзгереді.

Еріксіз адаптация кезінде қайта құрулардың әдістері мен бағыттары жеке адамның құрылымдарына сай келе бермейді:

  • жаңаны қабылдамай, жеке адам ортаның талаптарын өзгертуге тырысады, бірақ ол нәтижесіз болып, соңында жеке адамның бағынуына тура келеді;

  • индивид еш өзгертуге тырыспай бағынады;

  • әлеуметтік мінез-құлықтың жаңа әдістері жеке адамның қасиеттеріне сай келе бермейді, бірақ жеке адам оларды әрі қарай өмір сүру үшін қолдануға мәжбүр болады.

Адаптация процесіне қарама-қарсы процесс дезадаптация деп аталады. Осы процестің мәні ішкі психикалық процестер мен мінез-құлықтың дамуы мәселелерін шешуге емес, жеке адамның қиындықтарының күшеюіне әкеліп соғады. Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес деп екіге бөлінеді. Патологиялық дезадаптацияда психикалық функциялар мен мінез-құлықтың деструктивті өзгерістері пайда болады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:


1. Кикілжің дегеніміз не?
2. Кикілжіңнің түрлері мен функцияларын атаңыз.
3. Конструктивті кикілжің мен деструктивті кикілжіңнің қандай өзгеншелігі мен айырмашылығы бар?
4. Кикілжіңді неге динамикалық процесс ретінде қарастыруға болады?



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет