Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады: Психикалық процестер
Психикалық қасиеттер
Психикалық кейіп
Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп аталады.
Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т.б. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т.б.бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi роль атқарады.
Психикалық кейiп немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергктiк,белсендiлiкт.б.тұрақты компоненттерi. Психикалық құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiп бiтпей жатыр.
Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.