Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Психологияның ғылыми зерттеу әдістері



бет5/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.
Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар:
біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу;
екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу;
үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу;
төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән зерттеу әдістері бар.
Адамның психологиясы, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалады. Адам психологиясын нақтылы әрекет үстiнде зерттеу психологияның ең негiзгi принципi. Идеалистiк психологияның өкiлдерi: «адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау интроспекция әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет», - дейдi.
Бақылау әдiсi
Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да, тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет