Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


§ 2. Естiң психологиялық теориялары



бет58/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140
§ 2. Естiң психологиялық теориялары
Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.
2. өқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,
''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.
3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi.
Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.
Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын ашқан И.М.Сеченов пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша асаоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.
Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. CIC ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.
Г.Эббингаузбен қатар басқа да ғалымдар зерттеулер жүргiздi.Атап айтқанда, немiс психиатры Э.Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретiнiн зерттеген. Келесi немiстiң белгiлi ғалымы - Г.Э.Мюллер адамдағы естiң қайта жаңғыруы мен есте қалудың негiзгi заңдылықтарына фундаменталды зерттеулер жүргiздi. Адамдағы ес процестерiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнде арнайы саналы мнемикалық iс-әрекеттi зерттеуге (материалды арнайы жаттап, қайта жаңғырту процесi) бағытталды, кейiнiрек iздердiң өз бетiнше есте қалу механизмдерiне талдау жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет