Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет68/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   140
Көрнекi ойлау – мәселенi шешу нақты бейнелi түрде көрiнуiнде жүзеге асатын ойлау түрi.

5. Ойлау бағыттылығымен байланысты:
1) Шынайы (немесе реалистiк) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетiн ойлаудың бiр түрi.
2) Аутистiк ойлау - адамның ниеттерiн жүзеге асырумен байланысты болатын ойлау түрi. Осыған ұқсас келетiн эгоцентрлiк ойлаудың ерекшелiгi - адамның басқа бiреудiң позициясында тұра алмауы.
6. Ойлау iс-әрекетiнiң өнiмiне байланысты:

  1. Продуктивтiк ойлау - адамның ойлау iс-әрекетiнiң жаңа өнiмiн шығару.

  2. Репродуктивтiк ойлау – ойлау iс-әрекетi барысында өмiрде бар бiлiмдердi пайдалану.

7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

  1. Творчестволық ойлау – ақиқат дүниеге жаңалықты тудырумен, жаңа бiлiмдердi тауып, негiздеумен байланысты болатын ойлаудың түрi.

  2. Критикалық ойлау - заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негiзiнде, солар жөнiндегi көзқарастар мен пiкiрлердегi қайшылықтар мен кемшiлiктердi таба бiлумен байланысты болатын, ғылыми дәйектелген сындық пiкiрден тұратын ойлаудың бiр түрi.

8. Ерiктiк күштiң жұмсалуына байланысты:
1) Ырықсыз ойлау - түс көру бейнелерiн ырықсыз трансформациялау.
2) Ырықты ойлау – проблемалық жағдаяттарды, ой есептерiн мақсатты түрде шешу.


§ 2. Ойлаудың негiзгi формалары


Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.
Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.
Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.
Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.
Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларын қажет ететiн процесс.
Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.
Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.
Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:
1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.
Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.
Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.
Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет