Құрылымдық психологияға сәйкес, жеке сезiмдiк елестер психологиялық тәжiрибенiң бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен кеңiстiкте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау барысында жүзеге асады деп есептелiндi. Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нәтижесi ретiнде түсiндiрiлдi. Осылайша, мәндi мен жалпының арасына теңдiк белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi. Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға сәйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субъектте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрiздi басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады. Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша. Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субъекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi. Идеялардың репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-әрекетiнiң ассоциативтiк теорияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылғандықтан, оны жиi репродуктивтiк психология деп атаған.