Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық ресурстардың шектеулілігі



бет3/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық ресурстардың шектеулілігі. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады
Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды:
- «қажеттілік» бойынша – не өндіреміз?
- «ресурстар және технология» бойынша – қалай өндіреміз?
- «өнімдер және қолданылулар» бойынша – кім үшін өндіреміз?
Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады.
Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді.
Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әркеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп атаймыз.
Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды. Бұған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.
Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану. Бірінші жағдайда олар өндірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі.
Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі игіліктер болып табылады. Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көзделген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикады олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.
Әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады.
Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.
Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет