Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Пайданың экономикалық табиғаты. Жалақы. Пайыз - капиталдан түсетін пайда. Рентаның түрлері



бет63/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

5. Пайданың экономикалық табиғаты. Жалақы. Пайыз - капиталдан түсетін пайда. Рентаның түрлері. Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар - бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін - пайыз, жер факторының иегерлері үшін - рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін - пайда факторлық табыс болып табылады.
Нарықтық экономикады кеңінен қолданылтын ең маңызды ұғымдар қатарына пайда мен пайызды жатқызу мүмкін. Пайда нарықтық экономиканың қозғаушы күші жіне ақырғы мақсаты болып табылады. Шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеті жеке басына пайда табуға бағыталған болып, олар қоғамға өте тиімді қызмет атқарып береді. Пайда экономиканың өздігінен жетілдіруде маңызды экономикалық тұтқа ретінде қарастырылады. Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап қөрсетті:

  1. пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

  2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

  3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

  4. пайда монополды табыс ретінде.

Қарапайым ой деңгейінде де, ғалымдардың арасында да жиі кездесетін тағы бір көзқарас бойынша пайда өндіріс пен бизнесті ұйымдастырып, басқарғаны үшін төленетін сыйақы деген ұйғарым бар.
Пайда рынок экономикада үлкен роль атқарады.
Еңбек нарығы - жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі.
Қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі - жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет