Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет64/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Еңбекке деген сұраныс - бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.
Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:

  1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;

  2. Жалақы деңгейі;

  3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі;

  4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы;

  5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар;

  6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.
Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды, бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек ұсынысын арттыра алмайды, яғни ол өзінің бос уақытын бағалай бастайды, демек адам бір тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды деген сөз.
Жалақы өскенде ұсыныс көлемі ұлғаяды. Жалақы артқанда адам өзінің бос уақытын оны қосымша жұмыс уақытына алмастыру арқылы құрбан етеді. Адам жалақының деңгейінде өзінің материалдық жағдайы жоғары деңгейіне жеткенде, жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады. Сөйтіп, біз жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз.
Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада, жалақы - бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада, жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбек ақысы, сонымен қоса, сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.
Жалақының екі түрі ажыратылады:
1) Атаулы жалақы - бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.
2) Нақты жалақы - бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтыгы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне тәуелді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:
1) Мерзімдік жалақы - бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімдіжұне мерзімді сыйақылыболып тағайындалуы мүмкін.
2) Келісімді жалақы - бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімдіжәне келісімді үдемеліжалақылар.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыстарының басым бөлігін қүрайды және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет