Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Кәсіпкерлік мақсат және маңызды белгілері



бет74/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
4 Кәсіпкерлік мақсат және маңызды белгілері
Кәсіпкерлік мақсат - белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсатты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:

  1. Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.

  2. Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.

  3. Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.

Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:

  1. Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.

  2. Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.

  3. Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.

Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір-бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады.
Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе-теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.
Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.
5 Кәсіпкерлік субъектілері және объектілері
Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет