Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тақырыбы: Дәріс 7. Құңдылықтар, қызығушылықтар, нормалар – руханилық негізі



бет86/110
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21882
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110
Тақырыбы: Дәріс 7. Құңдылықтар, қызығушылықтар, нормалар – руханилық негізі

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Парадигмалар күші.

2.Әлеуметтік психологиядағы құндылықтардың маңызы

«Парадигма» - грек сөзі. Бастапқы да ғылыми термин еді, қазіргі заманда оны «теория», «модель», «ұғым», «түсінік» немесе «көзқарастар жүйесі» мағынасында жиі қолданылады. Қарапайым тілмен айтқанда «Дүниені қалай көреміз» деген мағынада қолданылады. Сабақ барысында Қуанәлі Майра оқытушы бізге бір суретті көрсеткен болатын. Біз бірден жас қыздың, жас мөлшері шамамен 18-20 байқаған болатынбыз. Ал басқа студенттер ер балаға ұқсайтынын айтты. Кейіннен оқытушы 80 жастағы қарт кісі екенін айтқанда әрине біз таңқалдық. Иә, бір затты көргенде біз әрине бірінші не көрдік соны айтамыз, бірақ терең үңіле бермейміз. Және де қанша адам бар сонша пікір, сонша көзқарас болады. Оның үстіне суретке қатысты мысал парадигмамыздың өзгелермен қарым-қатынасқа қаншалықты қатты әсер ететінін байқатып отыр. Ол түсінігімізде әлемді қалай анық әрі обьективті көрсек, өзгелердің де сол әлемді басқа көзбен, өз көзқарас тұрғысынан соншалықты анық әрі обьективті көретінін ұғынамыз. Басқаша айтқанда, «Біздің қайда тұрғанымыз қай жерде отырғанымызға байланысты». Отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, қызметтестер,достар, таныстар және тұлға этикасы сияқты заманауи әлеуметтік парадигмалар- осының бәрі біздің өмірімізге байқатпай ықпал ететіні сондай, біздің жеке көзқарасымыздың, парадигмамыздың, картамыздың қалыптасуына себептеседі.

Оның үстіне бұл эксперимент біздің парадигмамыз мінез-құлқымыз бен дүниетанымымыздың қайнар көзі екенін көрсетіп отыр. Бұлардан тыс адам баласы үйлесімді әрекет ете алмайды. Адам өзінің танымына кереағар дүниелерді жасаса, әлде сөйлесе, тұтастығынан айырылады. Әркім затты сол қалпында көремін деп ойлауға бейім, сол себепті өзін обьективтімін деп санайды. Шын туайтынында, олай емес. Әлемге сол күйінше емес, өзіміз қандай болсақ солай, яки қалай көруге үйренгеніміз бойынша қарайды екенбіз. Көз алдымыздағыны сипаттауға қанша тырысқанымызбен, аузымыздан шыққан сөзден бәрібір көзқарасымыз, парадигмамыз аңғарылып тұрады. Біреудің пікірі біздікіне сай келмей қалуы мұң екен, дереу олардыкін жоққа шығарамыз. Алайда жоғарыда келтірілген эксперимент бір нәрсені әр адам әрқалай, өзіне ғана тән бірегей тәжірибесінің призмасы арқылы көретінін дәлелдеп берді.

Кез-келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығы парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп карауға болады. Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара қоғамға толық сипаттама бере алмайды. Бірақ олардың әрқайсы сының қоғамды тануда білгілі бір қосатын үлесі бар. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:

1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар;

2) интерпретатипті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы, (кұрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.

Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ олар төмендегідей:

1) функционалдық (қызметтік) парадигмалар;

2) конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.

Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:

а) марксистік

б) неомарксистік

в) беймарксистік конфликтологиялық социология.

Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:

1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;

2) символикалық интеракционизм;

3) феноменологиялык парадигма;

4) этнометодологиялык парадигмалар.

Олардың әркайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма. Құрылымдық - функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі - конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де коғамды кұрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық кұрылымына, олардын мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді. Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі. Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік неомарксистік және беймаркситік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.

Әлеуметтік психология- біздің өмірімізге жағдаяттардың әсерін зерттеп, бір-бірімізге қалай қарап, қалай ықпал ететінімізге ерекше назар аударатын ғылым. Нақтырақ айтқанда, бұл- адамдардың бір-бірі туралы не ойлайтыны, бір-біріне қалай әсер ететіні және қарым-қатынасқа қалай түсетіні жөніндегі ғылым.

Әлеуметтік психология – жас ғылым. Бұл саладағы алғашқы тәжірибелер ғасырдан астам уақыт бұрын жарияланып, ал оқулықтар шамамен 1900 жылдары жарық көрді (Smith, 2005). Әлеуметтік психологияның қазіргі пішіні 1930 жылдары ғана қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүгінгідей айқын ғылыми- тәжірибелік алаң қалыптаса бастады. Тек 1970 жылдардан бастап әлеуметтік психология қарқынды дамудың жемісін көрді: ол Азияда – алдымен Үндістанда, сосын Гонконг пен Жапонияда, соңғы кездері Қытай мен Тайландта жедел дамып келеді. Әлеуметтік психология төмендегі құбылыстарды ғылыми түрде зерттейді.



  1. Әлеуметтік ойлау. Оған: біз өзімізді және өзгелерді қалай қабылдаймыз;

Біз сенетін нәрселер;

Біз қабылдайтын шешімдер;

Біздің ұстанымымыз.


  1. Әлеуметтік ықпал.

Мәдениет;

Келісуге итермелеу;

Сендіру, иландыру;

Адамдар тобы



  1. Әлеуметтік қатынастар

Бұрыннан қалыптасқан жағымсыз біржақты түсінік;

Агрессия;

Тартымдылық пен интимділік;

Көмектесу;

Құндылық бағдар- ( француз тілінен orientation ) – 1) субъектінің қоршаған шындық дүниені идеологиялық және онда бағдар алуы, бейімделуі; 2) индивидтің объектілерді олардың маңыздылығына жіктеу тәсілі. Құндылық бағдар әлеуметтік тәжірибені меңгеруде және мақсаттарда, мұрат – армандарда, сенімдерде, қызығушылықтарда және жеке адамдардың басқа да көріністерінде байқалады. Адамның іс – әрекет құрылысында құндылық бағдар оның танымдық және еріктік жақтарымен тығыз байланысты.

Құндылық бағдар жүйесі оның шындық дүниеге қатынасының мазмұндық жағын қалыптастырады. Адамдардың топтағы қарым – қатынасын анықтайтын біріккен іс – әрекет процесінде топтың құндылық бағдары қалыптасады. Топ мүшелерінің маңызды құндылық бағдарының дәл келуі, оның ұйымшылдылығын қамтамасыз етеді.

Құндылық -философияда, социологияда объектілерді, құбылыстарды, олардың қасиеттерін белгілеу үшін, сондай – ақ дерексіз ойлар, өзінде қоғамдық мұрат – армандарды жинаған және осыған байланысты міндеттілік үлгі ретінде көрінетін түсініктер. Құндылықтың санаға және іс – әрекетке байланысты объективті және трансценденттік түрін мойындап, маркстік философия құндылықты әлеуметтік топтардың және қауымдардың субъектінің бірыңғай жиынтығы ретінде көрінетін тұтас адамзат өмір іс – әрекетінің өнімі ретінде қарастырады. Құндылықтың пайда болуының үш түрі туралы айтуға болады. Біріншіден, құндылық қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы міндеттілік атрибуты туралы дерексіз көріністердің болуы, қоғамдық санада қалыптасқан, қоғамдық арман – мұрат ретінде .

Мұндай құндылықтар жалпы адамзаттың, мәңгіліктік (шындық, әсемдік, әділдік ) , сондай – ақ нақты тарихы ( патриархат, теңдік, жариялылық ) болуы да мүмкін. Екіншіден, құндылық объективтендірілген түрде қоғамдық құндылық арман – мұраттардыңнақтызаттықкөріністеріболыптабылатын ( этикалық, эстетикалық, саясаттық, заңдық т.б.) , материалдық және рухани мәдениет не адамзаттың әрекет шығармалары түрінде көрінеді. Үшіншіден әлеуметтік құндылықтар және өмір іс – әрекеті арқылы өтіп, оның мінез – құлқыныңмотивациясының бірден – бір қайнар көзі болып табылатын жеке құндылықтар түрінде жеке адамдардың психологиялық құрамына, құрылысына кіреді. Қоғамның рухани мәдениеті және жеке адамның рухани дүниесі арасын, қоғамдық және жекелік болмыс арасын қосатын буын ретіндегі жеке адам құндылықтарының ерекшелік бағыныштылығы, дербестілігі әрбір адамға тән, жеке адамның құндылықтарға жоғарғы саналыққа тән, олар санада құндылық бағдар түрінде бейнеленеді және адамдар арасындағы қарым – қатынасты және индивидтің мінез – құлқын әлеуметтік реттейтін маңызды фактор болып табылады.

Енді әлеуметтік психологиядағы құндылық түсінігін негізге алайық – құндылық бұл – заттар немесе құбылыстардың оң немесе теріс мәнділігін көрсететін түсінік. Құндылық,құндылық қасиеттер заттар мен құбылыстардыңқандай да бір негізі, объективті қасиеттері болып табылмайды. Жеке адамның тәжірибесіндегі құндылық көріністер жүйесінің пайда болуы, қажеттіліктерді ұғыну және оларды қоршаған дүниенің заттарымен салыстыру – бұл құндылық көріністерінің пайда болуының негізгі, алғашқы жолы. Екінші жолы (коммуникациалық) байланыстылық болып табылады, яғни құндылық көріністердіңоқыту,идеологиялық, педагогикалық тәрбиелеу және басқадай ықпал ету арқылыпайда болды .

Құндылық көріністердің негізінде жеке адамдардың құндылық бағдары қалыптасады. Олар өзінде эмоционалдық және рациональдық бірлікті көрсетіп, парасаттылық, сондай – ақ эмоциональдық аспектіде болады. Демек, құндылық бағдарлар құндылық көріністердің негізінде қалыптасқандықтан, онда жеке адам, сол немесе басқа топқоғамдағы әлдеқашан бар құндылық бағдарларды пайдалануына мүмкінділік алады. Сондықтан құндылық бағдар жүйесін қалыптастыру үшін олар арқылы қоғамға жәнекластарға тікелей әсер ету жүреді. Біз білеміз,құндылық бағдар қажеттіліктермен құндылық көріністер арқылы байланысты екенін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет