Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет10/110
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21882
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
Байланысты:
Дәрістер тезистері (1)

Инженерлік психология бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономикадеп аталады. Бұл термин гректің«ергон» жұмыс, «номос» заң деген екі сөзінің бірігу нәтижесінде пайда болған.

Авияциялық психологияұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істерді жай жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын онын шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар.

Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат, міндеттері бар. а. Нейропсихология психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә. Психофармаксология дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б.Психотерапия ауру адамға психикалық әдіс айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерінін қарастырады; в. Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет