Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар 1. Математика әдістемесі орта арнаулы оқу орнындағы оқу пәні ретінде 2. Ғ.Бегалыұлының «Үлкендерге бастауыш есеп» атты оқулығына сипаттама беріңіз. 3. XX ғасыр басындағы педагогикалық оқу орындарында арифметика әдістемесі пәні бойынша пайдаланылған оқу құралдары мен оқулықтар. 4. Педагогикалық оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулығы 5.С. Қожанұлының «Есеп тану құралы» қандай оқу орнына арналып жазылған?
2
№ 12
дәріс
№12 дәріс. Қазақ орта техникалық оқу орындарында математиканы оқыту тәжірибесінің қалыптасуы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Политехникалық және агротехникалық оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулығы
2.Математикалық статистика бастамаларының алғашқы оқулығы
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақстанда XX ғасырдың 30-ыншы жылдары қарсаңында педагогикалық оқу орындарынан басқа да орта дәрежелі әртүрлі оқу орындары көптеп ашылып,тұрақты жұмыс істей бастады.Бұл оқу орындарында математика пәнін оқытуға арналып жазылған математика оқулықтарының бірі-Зекен Қысатайұлының «Есеп құралы». Көлемі 140 бет бұл оқулық 1933 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Cыртында «Пәлійтеқнійке,әгрәтеқнійке I басқыш үлкендер мектептерінің II оқұу жылы үшін есеп кітабы» және «Өз.С.К.Р. Халық ағарту Кемесерійетінің оқұу метод сектірі ұнатқан» деп жазылған.
Жалпы алғанда,оның мына сияқты ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
1)Оқулықтың тілі анық,сөйлемдері түсінікті,нағыз қазақы тілмен жазылған.
2)Оқу материалын орналастыруда және оны баяндауда жүйелі әдістемелік реттілік сақталған.
3)Оқу материалын негізінен алғанда,тәжірибелік іс-әрекеттер орындау және мысалдар мен есептер шығару арқылы игертуге күш салынған.
4)Оқулықтың басынан аяғына дейін суреттер мен сызбаларды және т.б. көрнекі материалды пайдаланып отыруға баса мән берілген.
5)Автордың оған дейінгі жарық көрген оқулықтардағы қолданылған және сол кезеңдегі қабылданған әдістемелік-математикалық терминологияны қатаң сақтауға тырысқаны байқалады.Алайда,ол кейбір ұғымдарға өзінше атаулар да ұсынған.Мысалы,«есеп» терминін «мәселе» деп алған.
6)Оқулықта мысалдарды орындаумен қатар есептер шығаруға да лайықты көңіл бөлініп отырады.Есептер қандай да бір есептеу тәсілін қарастыру алдында проблемалық ахуал туғызудың құралы ретінде жиі қолданылып отырады.Сондай-ақ есептер мысалдармен бірге,оқушылардың қандай да бір бөлімді оқып-үйрену барысында қалыптасқан біліктері мен дағдыларын жүйелеу мен нақтылаудың құралы ретінде де бой көрсетеді.
7)Оқулық политехникалық және агротехникалық оқу орындарына арналып жазылғандықтан,онда техникалық мазмұнды және ауыл шаруашылығымен байланысты есептерге мол орын берілген.Тағы бір ескерерлік жайт,олардың көпшілігі сол кезең талаптарына сай коммунистік құрылыс сандарына берілген есептер болып келеді.Есептердің мазмұнында КССРО-ның және оқулық Өзбекстанда шығарылғандықтан,Өзбекстанның халық шаруашылығына байланысты сандық мәліметтер кеңінен пайдаланылған.
1914-40 ж.ж.кезеңінде жарық көрген математика оқулықтары арасында «Диағрамдар,грапиктер қандай болады,қалай салынады?»атты кітаптың маңызы ерекше.Оның авторы-Телжан Шонанұлы. Оқу құралы 1929 жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан» баспасынан шыққан,көлемі шағын,40 бет. Кітаптың мұқабасында «Оқытушылардың №1 кітабы» деп көрсетілген.
Бұл оқу құралы оның мұқабасында көрсетілгендей,1929 жылы жарық көрген.Кітап авторының дәл осы кезеңде,яғни 1926-29 ж.ж. Қызылорда қаласындағы Қазақ халық ағарту институтында оқытушы болып істегеніне қарағанда,аталмыш оқу құралы оның осы оқу орнындағы оқытушылық қызметінің нәтижесінде жазылған деп шамалауға болады.Оның үстіне қамтылған оқу материалының мазмұны,сондай-ақ сыртында «Оқытушылардың №1 кітабы» деп атап көрсетілуі де кітаптың ең бірінші кезекте болашақ мұғалімдерге,орта дәрежелі педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналып жазылғанын аңғартады.Сонымен қатар ол қазақ мектебі мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатын да көздеген, өйткені осы кезеңде кеңес мектептерінде комплекстік оқу бағдарламалары басшылыққа алынатын және мұғалімдерден оның талаптарын сақтау қатаң талап етілетін.Комплекстік оқу бағдарламаларының басты талаптарының бірі балаларды еңбекке баулу,білімді айналадағы дүниені тікелей байқап,бақылау мен практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы игертуге күш салу болып табылатын және оқыту ісінде оқушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастырудың басты құралы ретінде диаграммалар салуға баса мән берілетін.Сондықтан аталмыш кітап оқытушыларды диаграммаларды салу жолдарымен және оның әдістемесімен таныстыру мақсатында дайындалған.